Егер осы берілген ақпаратты ұстанып, асқазанда тағам қорытылып болғанша ештеңе жемей шыдасаңыз, сіздің арықтауға ғана емес, асқазаныңызды аман сақтап қалуға да мүмкіндігіңіз мол.
Тамақтың сіңу уақыты:
– Аш қарынға ішілген су бірден ішекке түседі.
– Жеміс пен жидек шырындары 15-20 минут ішінде сіңеді.
– Жеміс-жидектен араластырылып жасалған салат 20-30 минутта қорытылады.
– Қарбыздың сіңуіне 20 минут, ал қауынға 30 минут қажет.
– Құрамында қызанақ, қияр, жасыл және қызыл бұрыштар бар салат 30 минутта сіңіп кетеді.
– Шалқан, сәбіз секілді тамыр көкөністері қорытылуға 50 минут уақыт кетеді.
– Ақтүйнек, асқабақ секілді құрамында крахмал бар көкөністер бір сағат шамасында қорытылады.
– Күріш, қарақұмық, арпа ботқалары 60-90 минут аралығында сіңеді.
– Бұршақ тұқымдастар қорытылуы үшін 90 минут уақыт қажет.
– Күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдары 2 сағат бойы қорытылады.
– Жаңғақтар, тіпті, күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдарынан ұзақ 2,5-3 сағат аралығында ағзаға сіңеді.
– Егер тұқымдар мен жаңғақтарды жемес бұрын суға салып қойса, олар тез қорытылады.
Жалпы тамақты ұйықтардан 3-4 сағат бұрын жеген жөн.
Жоғарыда көрсетілген ақпарат орташа есеппен алынған, әдетте тамақтың қорытылуы адамның ағза ерекшеліктеріне де байланысты болады.