Арықтау жолы

Арықтау жолы
Фото: nogti.ru

Тез арықтағыңыз келе ме? Өзіңіз сияқты арықтағысы келіп жүрген құрбы табыңыз! АҚШ-тың Вермонт университетінің бір топ ғалымы жүргізген зерттеу нәтижесі бірге арықтаған жандардың мақсатына тез жететінін анықтаған. Оның бірінші себебі, арықтаушы адам бір адамның қолдауына ие болса, алға ұмтылысы күшейе түседі екен. Екіншіден, бәсекелестік сезімі пайда болады. Үшіншіден, құрбыңызбен тәжірибе алмасып, осы тақырыпта әңгіме-дүкен құрудың өзі сізді жинақы ете түседі. Әлдебір қателік жіберсеңіз де, оны жалғыз жүріп емес, құрбыңызбен бірге түзейсіз. 

Құрбыңызбен бірге күн сайынғы нәтижеңізді жазып жүретін күнделік бастаңыз. Күнделік – сіздің еңбегіңіздің куәгері. Оны құрбыңызға берерде үлкен жауапкершілік сезінетін боласыз. Сәйкесінше, құрбыңыздың күнделігін аларда да "Кешегі күннің нәтижесі ойдағыдай болмапты", "Үш күн бұрын нәтижең жақсы еді" деген сияқты қамшылайтын сөзді айтуды ұмытпаңыз. Құрбыңыздың тырысып жүргенін байқағанда, "Жарайсың! Бүгін керемет нәтижеге жеттің!" деген секілді мақтау сөзге де сараң болмаңыз. 

Р. Роза