Дүкен аралағанның арықтауға қандай қатысы бар деп ойлайсыз ба? Сіздің ойыңызша арықтау қай жерден басталады? Тамақ ішуге отырған сәттен бе? Жоқ, арықтаймын деген қыз өмірінің әр кезінде осы ұстанымын ұмытпау керек. Ал дүкенге барарда тіпті ерекше ережелерді есте сақтағаны жөн. Дүкеннен алған тағамның сапасы, құрамдас бөліктері, майлығына байланысты дайындаған тамағыңыз денсаулығыңызға пайдалы, не зиян болуы мүмкін. Дүкенге азық-түлік алуға барғанда мына кеңестерді есіңізге алыңыз.
1. Дүкенге қарыныңыз аш болғанда бармаңыз. Қарны аш адам бәліш, тәтті сияқты қарынды тез тойдыратын заттар алғысы келеді. Сондықтан аш қарынмен дүкенге бармаған дұрыс. Дүкенге аш бола тұра баруға тура келсе, үйден шығарда бір алма не йогурт жеп кетіңіз. Бұл тамақ алып болғанға дейін сізді тәтті бәліштер бөліміне кіруден сақтап тұрады.
2. Тізім жазыңыз. Дүкеннің сөрелерінде сырты жылтыр, дәмді көрінетін тағамдар жетіп жатыр. Қуырылған картоп, кептірілген нан, қажет емес, пайдасыз, консерванттарға толы тағам түрлеріне қызықпаймын десеңіз, алдын ала тізім жазып алғаныңыз жөн. Дүкенде тек тізімге сүйеніп, артық ештеңе алмаған дұрыс.
3. Сыртында "майсыз", "жеңіл", "диетаға арналған" сияқты жазуларға алданбаңыз. Бұл тек тауарды өткізудің жарнамалық жолы. Одан да тамақтың сыртындағы жазылған май, ақуыз және көмірсудың мөлшеріне назар салып қараңыз. Осы сандарды "оқи" алсаңыз, жеп жүрген тағамыңызға өзіңіз-ақ баға бере аласыз.
4. Табиғи тағам алыңыз. Алған азық-түліктің жартысынан көбі табиғи тағамдар болсын. Жемістер, көкөністер, дәндер, тіпті ұн өнімдері. Көкөністер қатарында қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, шөптердің түр-түрі, болгар бұрышы болсын. Жеміс-жидектерді бірнеше киллограмдап алыңыз. Қарныңыз аш болған сәтте кез келген жеміс сізге көмекке келе алады. Ананас, алма, банан және т.б. жеміс-жидектерді молынан алған жөн.
5. Мына тағамдарды барынша аз алуға тырысыңыз:
өсімдік майы, сары май, маргарин, майонез бен түрлі соустар; майлы ет, майлы балық не құс еті; консервіленген майлы балық түрлері; майлы қаймақ, сыр түрлері; қанты көп тағамдар (торттар, тәттілер, кәмпиттер, кептірілген жеміс түрлері); ішімдік.6. Тағамның құрамын оқыңыз. Алғаш жазылған құрамдас бөлік осы тағамда ең көп қоспаның сол екенін білдіреді. Мысалы құрамы деген жерде май алғаш болып жазылса, осы тағамда майдың басқа заттардан көбірек болғаны. Майдың тағамдағы қатынасы 100 грамда 10 грамнан артық болмау керек.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет:vk.com