- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арықтасаңыз, алтын аласыз!...
Арықтасаңыз, алтын аласыз!
Қазіргі таңда семіздікпен күресудің сан мыңдаған жолдарын жариялап жатқан басылымдар саны жетерлік. Кейбір жандарға арықтаудың бұл тәсілдері көмегін тигізіп жатса, кейбір жандардың денсаулығы кері кетіп жатады. Ал бүгін Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайда семіздікпен күресу жолында ерекше байқау басталды. "Сенің салмағың - алтын" деген атаумен бастау алған байқаудың мақсаты халықты салауатты өмір салтына насихаттап, семіздікпен күресу болып табылады. Өйткені, Батыстың басты денсаулық мәселесіне айналған семіздік дерті қазір араб елдеріне де жеткен секілді.
Семіздікпен күресу жолында қолға алынған бұл іс-шараның шарты да қызық. Бір ай ішінде 2 килограммнан артық тастаған салмағыңызға 1 грамм алтын беріледі. Яғни, 1 килограмм салмақ – 1 грамм алтын. Сонымен қатар бір ай ішінде қолданған арықтау тәсіліңізді де назардан тыс қалдырмайды екен. Ал байқау өз мәресіне жеткеннен кейін алғашқы үш орынды иеленген жандарға құны 5,5 мың АҚШ долларын құрайтын алтын құймалары тарту етілмек. Аталған шара мемлекет тарапынан қолдау тауып, өткізіліп отыр.
суреттер: doruchenko.ru,chantal-jew.com
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай