1. Тәулігіне 2 литрден көп сұйықтық ішіңіз.
2. Алкогольді сусындарды аузыңызға да алмаңыз.
3. Таңғы ас ішер алдында аш қарынға міндетті түрде бір стақан лимон мен бал араласқан су ішіңіз. Содан 20 минут өткен соң ғана ауқаттана беруіңізге болады.
4. Суды көбіне тамақ ішерден жарты сағат бұрын ішкеніңіз абзал. Ал тамақ ішіп отқан кезде ішудің қажеті жоқ.
5. Күніне кем дегенде 4-5 рет тамақтануыңыз керек.
6. Ұйықтардан үш сағат бұрын тамақтанып алуыңыз керек. Одан кейін тек су, көк шай, майы алынған айран секілді сұйықтықтарды ішуіңізге болады.
7. Шайды қантсыз ішіп үйреніңіз. Оның орнына бал қоссаңыз болады. Сол сияқты кофеге де ештеңе қоспағаныңыз дұрыс.
8. Жүзім және банан секілді жемістерді 2 аптада бір рет қана тұтыныңыз.
9. Салауатты өмір салтын ұстануды ұмытпаңыз. Таңертең немесе кешке 20 минут спортпен шұғылданыңыз. Егер жаттығу залына баратын уақытыңыз болмаса, онда үйде жасай беріңіз.
10. Таңғы асты ешқашан тастамаңыз.
11. Түскі асқа сорпа, салат, бұқтырылған ет және жеңіл-желпі жеміс-жидектер жегеніңіз жақсы.
12. Салаттарды қаймақпен немесе йогуртпен араластырыңыз. Мойонезбен жасалған салат тез семіртеді.
13. Тамақты шай қасықпен жеңіз. Сонымен қатар 200 грамнан артық тұтынбаңыз. Бірінші күндері қиын болады. Бірақ бір аптадан соң үйренісіп кетесіз.
14. Қуырылған тамақтарды ұмытыңыз.
15. Жеміс-жидектер мен көкөністерді күннің бірінші жартысында жегеніңіз жақсы.