1. Күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Шай, кофе, компотқа қарағанда судың пайдасы көбірек. Ағзаңызда судың мөлшері аз болса, зат алмасу процесі дұрыс жүрмей, артық салмақтан арыла алмайсыз.
2. 1-2 стақан суды аш қарынға ішкеніңіз дұрыс. Сонда зат алмасу процесі жақсарады.
3. Сонымен қатар суға лимон қосып, жанжабіл жапырағынан, даршыннан, лимон және кайен бұрышынан шай демдеп ішкеніңіз пайдалы. Зат алмасуды жақсарту үшін даршын, жанжабіл, бұрыш қосылған тағамдарды тұтыныңыз. Жемістерден лимон мен грейпфрутты жиі жеңіз.
4. Таңғы ас, түскі ас, кешкі асты міндетті түрде ішіңіз. Ешқашан аш жүрмеңіз.
5. Шайға қант қоспай ішіп үйреніңіз.
6. 6-дан кейін тамақ іше берсеңіз болады. Тек ұйықтар алдында тамаққа тойып жатпаңыз.
7. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Одан аз ұйықтауға да, көп ұйықтауға да болмайды.
8. Өзіңізге өзіңіз жағдай жасаңыз. Түссіз теңіз тұзымен суға түскен де пайдалы.
9. Шұжық, консервідегі тағамдардан, езілген еттен жасалған шұжықшалардан бас тартыңыз.
10. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданыңыз.
11. Ал ең бастысы - өзіңізді қатты жақсы көріңіз.