- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арасында қатерлі ісік...
Арасында қатерлі ісік те бар. Құйымшақ ауыруының 10 себебі
Отырсаңыз құйымшағыңыз қатты ауырады, ал кейде тіпті, тұрсаңыз да, жүрсеңіз де ауыра ма? Ол не үшін ауырады және оның ішінде қауіпті себептер бар ма?
Құйымшақ омыртқаның түбінде орналасқан және ол 3-5 сүйек омыртқаларынан тұрады. Ол сегізкөзге байламдармен және бұлшықеттермен берік бекітілген. Құйымшақ әртүрлі себеппен ауыруы мүмкін. Құйымшақ ауыруының негізгі себептерін ұсынамыз.
1. Зақым алу
Құйымшақ соғып алғаннан, шығарып алғаннан, сүйек сынуынан немесе қатты құлаудан болған зақымнан ауыруы мүмкін. Сондай-ақ ол қайталамалы жүктеменің салдарынан болуы мүмкін. Мысалы, велосипед тебу немесе есу. Бұл әрекеттер бұлшықеттерге, байламдарға және омыртқаға қайта-қайта күш түсіреді.
Зақымның белгілері:
- ауыру және ісіп кету;
- тесіп ауыру немесе ұю;
- аяқтағы әлсіздік;
- ішектер немесе қуық проблемасы.
2. Қатты нәрсенің үстінде ұзақ отыру
Егер қатты орындықтың үстінде ұзақ отырсаңыз, құйымшағыңыз ауыруы мүмкін. Сол секілді ұзақ уақыт көлік айдағанда немесе ыңғайсыз күйде ұзақ тұрғанда да құйымшақ ауырады.
3. Босанғаннан кейінгі ауырсыну
Әйелдерде босанғаннан кейін құйымшағы ауыруы босану кезінде құйымшақ айналасындағы байламдар мен бұлшықеттер созылып кетуі мүмкін. Бұл жағымсыздық босанғаннан кейін бірнеше ай бойы да сақталатын кездер болады. Ондай жағдайда дәрігер ауырсынуды басатын дәрі, физиотерапия және U-бейнелі жастық жазып береді.
4. Геморрой
Геморрой кезінде құйымшақ ауыруы мүмкін.
Геморройдың басқа белгілеріне мыналар жатады:
- артқы жақтың қанауы;
- күйдіріп ауыруы;
- тік ішектің шығып кетуі;
- қышу;
- кішкене ісіктің пайда болуы.
5. Өте көп немесе аз салмақ
Салмақ көп болса, отырғанда қосымша қысым береді. Бұл отырғанда және тұрғанда құйымшақтың ауыруына әкеледі. Бірақ өте арық болсаңыз да, құйымшағыңыз ауырады.
6. Хордома
Бұл сирек кездесетін қатерлі ісік. Ол омыртқада, бас сүйек немесе құйымшақ негізінде дамиды.
Хордоманың белгілері:
- шаптың ұюы;
- ішектер проблемасы;
- қуық проблемасы;
- әлсіздік, аяқтың ұюы және тесіп ауыруы.
7. Простата қатерлі ісігі
Құйымшақ ауыруы кейде ерлерде кездесетін простата қатерлі ісігімен байланысты болады.
Простата қатерлі ісігінің белгілері:
- зәр шығару кезінде ауырсыну немесе күйдіріп ауыру;
- дәретханаға, әсіресе түнде жиі бару;
- кенеттен пайда болатын эректильді дисфункция;
- зәрде немесе шәуетте қанның пайда болуы.
8. Омыртқа қатерлі ісігі
Бұл қатерлі ісік сүйектерді немесе омыртқаларды зақымдайды.
Оның белгілеріне мыналар жатады:
- омыртқаның ауыруы, әсіресе, ол түнде мазалайды;
- дененің басқа бөліктеріне тарайтын ауырсыну (мысалы, құйымшақтың, аяқтың ауыруы);
- қолдың немесе аяқтың сезімталдығын жоғалту;
- жүрумен қатысты проблема;
- суыққа, ыстыққа сезімталдықтың төмендеуі;
- қуықтың немесе ішектер қызметінің жоғалуы;
- сал ауруы.
9. Колоректальды қатерлі ісік
Тоқ және тік ішек қатерлі ісігі де омыртқа түбінде жағымсыздық тудыруы мүмкін.
Оның белгілері:
- іш қату немесе іш өту;
- нәжістегі қан;
- жамбастың немесе іштің төменгі бөлігінің ауыруы немесе түйілуі;
- салмақ тастау;
- шаршаңқылық.
10. Құйымшақтың пилонидальді кистасы
Пилонидальді кисталардың немесе шаштардың аномальді жиналулары мен терідегі тіндер қалдығы көбіне құйымшақ айналасында дамиды. Киста жұқпа жұқтырған кезде ол ісіну мен ауырсыну тудырады.
Оның белгілері:
- отырғанда және тұрғанда құйымшақтың ауыруы;
- тері тесіктерінен қан немесе ірің ағу (жиі бөксе тұсында);
- терінің қызаруы;
- іріңнен шығатын жағымсыз иіс.
Мұндай жағымсыз проблемалар пайда болмас үшін оның алдын алған дұрыс.
Ол үшін мына негізгі ережелерді сақтаңыз:
- Отырғанда, тұрғанда және жүргенде арқаны тік ұстау;
- Созылуға арналған және омыртқаны қатайтуға арналған жаттығуларды жүйелі түрде жасау;
- Спортпен айналысу кезінде дұрыс қорғану;
- Саяхаттау кезінде қауіпсіздік белдігін қолдану;
- Эргономикалық жұмыс зонасы;
- Дұрыс тамақтану, дұрыс салмақ және дененің бұлшықет массасын сақтау;
- Күйзелістен арылу;
- Зиянды әдеттерден арылу.
Алайда оның себебі қандай болмасын, егер ол ұзақ уақыт бойы мазалап жүрсе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Проблеманы қаншалықты ерте анықтасаңыз, оны емдеу оңай болады. Көпшілік бұл кезде қандай дәрігерге қаралатынын білмейді. Себебіне қарай травматолог-ортопед, уролог, невролог, мануалды терапевт, проктолог және остеопатқа баруға болады.
Ескерту: өздігінен емделу қауіпті, диагнозды тек дәрігер қоюы керек.
А. Жапатова