Апаттан аман қалу үшін

Апаттан аман қалу үшін
Фото: navi-group.ru

Көліксіз қозғалыс қиындай түсуде. Біз әр уақыт жолға шығу мәселесі туындаса көліктің көмегіне сүйенеміз. Статистикаға сүйенсек, 2016 жылы елімізде 17 мыңнан астам көлік апаты тіркелсе, нәтижесі бойынша 2390 адам қаза тапқан. Ал, биылғы жыл басынан бері 800-ге жуық адам бұл өмірмен қоштасқан. Апат айтып келмейді. Бірақ, «сақтансаң, сақтаймын» деген сөзді негізге ала отырып, жол апатында аман қалу мүмкіндігін арттыратын мынандай кеңестерді ұсынамыз:

Жол жүрместен бұрын не істеу керек?

Қандай көлікпен жол жүргелі отырғаныңызға қарамастан, есте сақтауға тиісті негізгі үш қағида бар:

Белдік:
Иә, күнде естіп жүрсеңіз де, тағы қайталаймыз: белдік тағуды ұмытпаңыз. Белдік тағу арқылы аман қалу мүмкіндігін 75%-ға арттыруға болады.

Басыңызды сүйеуге арналған жастық:
Бұл жастықтарда ұйықтау өте ыңғайлы. Бірақ, оның негізгі қолданысы бұл емес. Ол сіздің соққы кезінде мойын омыртқаңызды сақтауға арналған. Сондықтан, оны өзіңізбен бірге алып жүруді әрі пайдалануды ұмытпаңыз.

Қауіпсіз орын таңдау:
Сіздің отырған орныңыз да маңызды рөл атқарады. Артқы орындардың барлығы қауіпсіз деген ойдан құтылыңыз. Өйткені, оның бәрі көліктің түріне байланысты.

Заманауи шетелдік көліктердегі ең қауіпсіз орын – жүргізушінің жанындағы орын. Өйткені, қауіпсіздік жастығы жақсы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жүргізушінің артындағы орын да қауіпсіздердің қатарына енеді. Бірақ, бұл қағида тек сіз белдік тағуды ұмытқан кезде ғана жүзеге асады.

Апат кезінде не істеу керек?

Алдыңғы жақтан соққы алғанда:
Егер артқы орындықтарға жайғасқан болсаңыз, соққы алған жағдайда алдыңғы орындықтарды тірек етіңіз. Басыңызды төменге иіңіз. Иегіңіз кеудеңізге тигені дұрыс.

Егер көлік жүргізіп келе жатсаңыз, рөлді қолыңыздан жіберместен қатты ұстаңыз. Аяғыңызбен жерді тіреңіз. Сол аяғыңыз тепкіні бар күшімен итеріп, оң аяғыңызбен тежегішті басуыңыз керек.

Қапталдан(бүйір) келген соққы:
Егер артқы орындықта отырып, өзге көлік қапталдан келіп соқса орындыққа немесе қасыңыздағы адамның алдына жатыңыз. Аяғыңызды өзіңізге қарай жинаңыз. Өйткені, кенеттен болған соққа әсерінен аяғыңызды сындырып алуыңыз әбден мүмкін.

Егер алдыңғы орынға жайғассаңыз, жүргізуші алдына жату қиынға соғады. Сондықтан есіктен сәл ығысыңыз. Басыңызды иығыңызға қарай бүгіп, қолыңыз арқылы қорғаңыз.

Артқы жақтан соққы алғанда:
Егер өзге көлік артқы жақан келіп соғатынын түсінсеңіз, басыңызды шағын жастықшаға тіреңіз. Егер ол жоқ болса, орындықтан сәл төмен түсіп, арқаға арналған орынға басыңызды қойыңыз. Бұл сіздің мойын омыртқаңызды қауіптен сақтайды.

Егер суға батып кетсеңіз:
Егер көлік суға батып кетсе, есікті немесе терезені жылдам ашуға тырысыңыз. Егер көлік суға толық батып кетсе, сыртқы қысым есікті ашуға мүмкіндік бермейді. Кейде көліктің жартысынан көбі суға толғанша күтіңіз. Ауа аз қалған сәтте есікті ашыңыз. Себебі, бұл кезде қысым теңесіп, есік ашу жеңілдей түседі.

Егер жол ережелерін дұрыс сақтасаңыз, жол апаты болмайтыны анық. Аман болыңыз!

Т. Есқали