- Негізгі бет
- Денсаулық
- Антисептикті үйде дайындау...
Антисептикті үйде дайындау
Фото:
ukrinform.ru
Коронавирустың жаңа түрі пандемияға айналды: індет қазірдің өзінде 5 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған. Вирустан сақтану шараларын жазған болатынбыз. Сақтану шараларының біріне қолды жиі сабындап жуу және антисептик қолдану жатады. Антисептикті үйден қалай дайындауға болатынын ұсынамыз.
Қажетті ингредиенттер:
- 833,3 мл этил спирті;
- 41,7 мл сутек тотығы (перекись водорода);
- 14,5 мл глицерин;
- 110 мл таза су.
Бұл компоненттерді араластырып, аздап таза немесе қайнаған су құю керек. Нәтижесінде шамамен 1 л антисептик шығады. Оны ыдыстарға бөліп құйып қоюға болады. Мұндай антисептикті қол жууға мүмкіндік жоқ кезде жиі қолдану керек. Ал мүмкіндік болса, қолды аз дегенде 20 секунд бойы сабындап жуу ұсынылады.
А. Жапатова