- Негізгі бет
- Денсаулық
- Антисептикті үй жағдайында...
Антисептикті үй жағдайында қалай жасаймыз?
Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекенде тіпті қалмаған. Мұндайда антисептикті үй жағдайында жасауға болады.
1-рецепт:
- 50 мл 90% медициналық спирт;
- 30 мл глицерин (денсаулыққа, техникаға қолдану үшін әртүрлі майдан жасалатын ақшыл сұйық зат);
- Кез келген эфир майынан 5 тамшы (апельсин, грейпфрут не жалбыз);
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
2-рецепт:
- 50 мл су;
- 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);
- 30 мл глицерин;
- 5 тамшы лимонның эфир майы;
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
3-рецепт:
- 7 тамшы шай ағашының эфир майы;
- 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);
- 1 ас қасық алоэ гелі;
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram