Бала кезімізде өзімізге зиян келтіретін нәрсеге әуестенсек, "Бұл саған ойыншық емес" деген сөзді естуші едік. Қазір осындай мәселе антибиотиктерге қатысты туындап отыр. Халық тұмауратқан сайын аталған емді қолданады. Онысымен қоймай, әлеуметтік желілерден бұл дәрі зиян екен деген контексттегі видеоларды ватсап арқылы отбасылық чаттарға жібереді де, кейін қайтадан сол дағдысына басады. Ал біз мұның қаншалықты дұрыс екенін анықтауға тырысып көрдік.
Жалпы антибиотиктерді XX ғасырда ойлап тапты. Соңғы онжылдықтарда микробқа қарсы препараттардың көптеген түрі синтезделді, бірақ іс жүзінде шектеулі саны ғана қолданылады. Бұл синтезделген микробқа қарсы заттардың көпшілігі практикалық медицинаның барлық талаптарына сәйкес келмейтініне байланысты болып отыр.
Антибиотик дегеніміз не? Бұл патогендердің ағзада өсуі мен көбеюіне жол бермейтін химиотерапевтік заттар. Дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісі биосинтез арқылы жүзеге асырылады. Көп жағдайда бактерияға қарсы препараттар балаларға негізсіз тағайындалады, әсіресе өткір респираторлық вирустық инфекция кезінде.
Антибиотиктер не істемейді?
Бактерияға қарсы препараттарды негізсіз қолданудың салдары мынадай:
Антибиотиктік терапия адамның ағзасына күрделі және қауіпті процесс, сондықтан барлық ережелерін сақтау, дәрілік заттардың жанама әсерлерін азайту ғана оң нәтижеге кепілдік бере алады.
Осы орайда мамандар пікіріне де құлақ асайық. Халықтың өздігінен емделуі дұрыс емес. Міндетті түрде дәрігер консультацияна жүгініңіз.
Шапатова Арайлым Болаткызы, жалпы практика дәрігері: "Антибиотикті дәрігер бей берекет жазып бермейді. Баланың ауруының түріне, анализдерінің қорындысына сүйене отырып ем ретінде қолданады. Олардың баланың жасына сай да түрлері болады.Баланың дамуына зиян келтіруі мүмкін нұсқалары да бар. Кей ауру түрлері антибиотиксіз емделмейді. Сондықтан дәрігерге қаралмай, өздігінен үйде отырып ем қабылдаған қате. Вирус, құрт немесе саңырауқұлақтар салдарынан болған ауруларды нақты анықтау үшін маман баланың клиникасын, зертханалық зерттеу нәтижелерін сараптайды.
Балаларға антибиотик мүлдем қолдануға болмайды деген халық арасында жүрген қате пікір. Кей жағдайларда жаңадан туған сәбиге де қолдануға тура кеп жатады. Себебі ол анасынан, не перзентханада инфекция жұғу жағдайлары болады.
Әр аурудың өз емі болатын секілді, бактериялар салдарынан пайда болған аурудың емі - антибиотиктер. Оның нақты бір бактерияға қарсы түрі де, бактериялардың бірнеше түрін да жоя алатын нұсқалары бар. Аллергиялық реакциялары да маңызды. Оны қолдануға қатысты факторлар көп".
Нысанбекова Асия Әділбекқызы, жалпы практика дәрігері, радиолог:"Антибиотиктер ауруы анықталған бактериялық сипаттағы балаларға тағайындалады. Ол міндетті этиотропты емдеуді қажет ететін жағдайларды асқынулар мен қолайсыз нәтижелерді болдырмау үшін жасалады. Антибиотиктерді тағайындау үшін доза жасына және дене салмағына сәйкес есептеледі, сонымен қатар соңғы 2-3 айда алынған антибиотиктерді ескеру қажет. Бірақ қазіргі уақытта балаларға антибиотиктерді (өзін-өзі емдеу кезінде) негізсіз, асқынбаған ЖРВИ-ге жиі қолданып жатады. Халық антибиотиктер вирустық ауруларды емдемейтінін және бактериялық асқынулардың алдын алмайтынын біле бермейді. Антибиотиктерді негізсіз емдеу жағымсыз реакциялардың қаупін арттырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Маргарет Чен де мұның жаһандық дағдарысқа айналғанын айтады. Көптеген мемлекеттер осы мәселенің маңыздылығын мойындап, денсаулыққа төнген ең басты қатерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Бұл әлемнің бүкіл аймақтарына тән мәселе", дейді.
P.S. Антибиотиктерді ретсіз қабылдау денсаулыққа қауіпті екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әлдеқашан мәлімдеген болатын. Себебі дұрыс қолданбаған дәріге ағзада төзімділік пайда болып, инфекциялармен күрес қиындайды.
Мысалы АҚШ-та өткен зерттеу антибиотиктер тиімділігінің әлсіреуіне байланысты елде жылына 6 мыңнан аса адам қайтыс болатынын көрсетті. 12 елде зерттеу жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұған халық сауатының төмендігі себеп деген қорытындыға келген. Зерттеуге қатысқандардың 64%-ы антибиотиктер тұмауды емдеуге көмектеседі деп санайды. Үштен бірі тәуір бола бастағанда-ақ дәрілерін қабылдауды доғарады екен. 25%-ы дәрігерге көрінбей, кезінде белгілері ұқсас ауруға шалдыққан таныстарының кеңесі бойынша антибиотик ішуге дайын.