Дәрігерлер Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы GAZETA WROCŁAWSKA хабарлады.
"Дәрігерлер сәбиді іштен жарып алды. Бұл − бүгінгі таңдағы технологияның арқасында мүмкін болып отырған ғажайып", − дейді жергілікті дәрігерлер.
Басылымның мәліметінше, 41 жастағы жүкті әйел ми обырымен ауырған. Әйелдің денсаулығы жүктілігінің 17-ші аптасында күрт нашарлап, ауруханаға түскен. Кейін оның миының өлімі тіркеледі. Оны құтқару мүмкін болмаған. Алайда науқастың жүрегі соғып тұрғандықтан дәрігерлер сәбидің өміріне араша түсуді ойлайды.
Мамандар екі ай бойы әйелдің өмірлік маңызы бар функцияларын бақылап отырған. "Біз мұндайды әдетте бір-екі күн бойы ғана жасаймыз, бірақ дәл осы жағдайда еш тәжірибеміз болмаса да бірнеше аптаға дейін өмірін созу керек болды", − дейді анестезиология және интенсив терапия кафедрасының меңгерушісі Анджей Кюблер.
Нәтижесінде сәби бір келі салмақ болып туылған. Сәбиді туыстарына тек екі айдан кейін беру мүмкін болады. Оның денсаулығы бір қалыпты. Қазіргі уақытта ол әкесінің қолында.
Дереккөз: tengrinews