Ананың артық салмақ қосуы мен диабетпен ауыруы баланың аутизмге шалдығуына алып келеді.
Pediatrics басылымының мәліметінше, ғалымдар АҚШ-та 3 мың отбасыға зерттеу жүргізген. Зерттеу жұмыстары кезінде артық салмақ қосқан және диабетпен ауыратын әйелдердің аутизмге шалдыққан баланы өмірге басқаларға қарағанда 3-4 есе көп әкелетіні анықталған.
"Біз үшін артық салмақ пен диабеттің баланың аутизмге шалдығуына нақты қалай әсер ететінін білу біз үшін маңызды", − дейді осы салада зерттеу жүргізіп жатқан Даниель Фаллин.
Дереккөз: tengrinews