- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ананастың тарихы мен...
Ананастың тарихы мен пайдасы
Қазақстанда экзотикалық жеміс ретінде белгілі болған ананасты танымайтын адам жоқ. Қонаққа барсақ та, қонақ күтсек те дастархан үстінен табылатын бұл жемістің дәмі тіпті бөлек әңгіме. Ал тарихы ше?
Ананастың тарихы
Ең алғаш рет еуропалықтар ананасты 1940 жылы Кариб аралдарынан әкелген. Колумб пен оның ізбасарлары ананасты Еуропаға әкеліп, мұндай климатта оны өмір сүре алмайды деп ойлады.
Көп жылдар бойы бұл тез бұзылғыш жемісті сән ретінде пайдаланып келді. Тіпті оны ауыздарына алып, дәмін де көрген жоқ. Үй иесінің қандай бақуатты екенін көрсетіп, тек дастархан үстіне сән үшін қойып қоятын болған. Қазір ананас жер шарының барлық торпикалық өңірлерінде өсіріледі.
Ананастың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
100 г ананастың шамамен 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе С дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін В1 және В6 дәрумендері де жоқ емес.
Ананастың құрамында мынадай пайдалы минералдар бар: кальций, калий, мыс, темір, магний, фосфор және марганец.
Ананастың 100 грамында 50 ккал калория бар. Оның құрамында май болмағанымен, ас қорыту жұмысын жақсартатын жоғары мөлшерде жасұнық бар.
Ананасты қалай таңдау керек?
- Ең ауырын таңдаңыз. Ананастың ауырлағаны - оның толық піскені.
- Кішкентай не үлкен ананасты бір-бірінен айыру оңай емес. Олардың иістері де, дәмдері де бірдей болады
- Жұмсақ жеміс дәмін таңдаңыз.
Қолдану алдында
Егер сіз сатып алған ананас әрі тәтті, әрі жұмсақ болғанын қаласаңыз, оны кеспей тұрып, бөлме температурасында 2 күн ұстаңыз.
Г. Берік