Музыканың адам ағзасы мен денесіне пайдасы жайлы ертеден белгілі. Халық ауыз әдебиетінде бесік жырын өлеңмен айтатыны тегін емес деседі. Бұл жайлы Геогрий Мароховскийдің "Өмірдің кванттық феномені" атты еңбегінде айтылған.
Ежелгі рим мәдениетінде де музыканы емдік қасиетке пайдалану тәжірибесі болған. Мәселен, грек философы Демокрит адам ағзасын инфекция жайлағанда, музыка тыңдау қажет деп тұжырымдаған. Ал Платон болса, қабылдауға келген науқастарға магиялық ритуалды әуендерді тыңдауға кеңес берген екен.
Ал бір нотаны бес минут бойы ұстап тұра алатын танымал тенор әншісі Фаринелли испан королі V Филиппті меланхолиядан емдеген көрінеді.
Медицинада музыкалық терапия ХХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап АҚШ фантом ауруларды (адамның дене мүшесін не басқа да ағзаларын сезбей қалуы) жазуға музыкалық терапияны қолданып келеді. Америка ғалымдарының айтуынша, адам ән айтқанда өкпесінде тербеліс пайда болады. Бұл қан айналымын жақсартады екен. Соның арқасында жүрек қантамыры ауруларының алдын алуға болады. Мұндай аурулардың арасында демікпе де бар.
Мәселен, Моцарт, Лист, Григ, Вивальди сынды әлемдік композиторлардың музыкалары жанға жайлы, адам психикасына жағымды келеді. Адамның ішкі сезімі мен күйзелісін тұрақтырар әрі зияткерлік шамасын арттыратын қабілетке ие.