- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ән айтудың миыңызға...
Ән айтудың миыңызға әсері
Ән айту жай әшейін өнер түрі емес. Оның денсаулыққа пайдалы тұстары көп. Психолог мамандар ән айтатын адамдардың өмірі ұзақ болады деген тұжырым жасады. Өйткені дауыс – табиғаттың берген ең тамаша сыйы. Жалғыз жүріп, құлаққап киіп алып, хормен бірге және душ қабылдаған кезде ән салған өте пайдалы. Біз сіздердің назарларыңызға ән айтудың тиімді тұстарын ұсынғымыз келіп отыр.
1. Бақыт гормоны бөлінеді
Ән шырқау миыңызға мол әсерін тигізеді. Себебі ән айтқанда жүйке жүйесі тынышталып, рахаттанады. Сонымен қатар эндорфин гормоны бөлінеді. Оны «бақыт гормоны» деп атайды. Ал ол сіздің денсаулығыңызда маңызды рөл атқарады.
2. Күш-қуатыңызды арттырады
Адам ән айтқан кезде күш-қуаты арта түседі. Көңіл-күйіңіз көтеріліп, шаршағаныңыз бір-ақ сәтте басылады.
3. Күйзелісті жеңеді
Ән салу арқылы сіз күйзелісті жеңесіз. Хормен бірге немесе ансамбльде ән айтатын адамдар өздерін сенімді әрі табысты сезінеді. Депрессияға ұшыраған кезде де ән салған жақсы. Нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
4. Тыныс алу жолдарын тазартады
Ән айту барысында тыныс алу жолдарыңызды тазартасыз. Мұрын, тамақ ауруы әншілерге көп қауіп төндірмейді. Тіпті ән айтумен айналыссаңыз, гаймориттен де қорқудың қажеті жоқ.
5. Ойлау қабілетін жақсартады
Орта жүйке жүйесі мен миыңызға ән салудың әсері көп. Басқа өнер түрлеріне қарағанда оның мимен байланысы өте жақын. Ойлау қабілетін жақсартып, аса қауіпті аурулардың бірі – альцгеймердің де алдын алады.
Егер әлі өзіңіздің хоббиіңізді таппасаңыз, онда ән үйірмесіне жазылуға кеңес береміз. Сонда сіз жоғарыда айтылған аурулар мен зиянды заттарды есіңізге де алмайсыз. Есесіне денсаулығыңызды күтесіз. Ән айтудың пайдасын достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!
Ж. Исакаев