Әлсіздік пен апатия әсерінен жұмыс істеу қабілетіңіз төмендеп кетті ме? Бұл көпшілік үшін тансық жағдай болмаса керек. Қазақстан аймағында аталған белгілермен қоса адам көңіл-күйінің тұрақсыздығы, депрессия, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, зейін шоғырлануының төмендеуі, бір істің аяғына дейін орындалмауы көп байқалады. Содан барып жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Бұл белгілердің себебі йод жетіспеушілігі болуы мүмкін.
Оны анықтау үшін қолыңызға йод торын («Йодная сетка») сызыңыз, егер йод бір-екі сағат ішінде сіңіп кетсе, сіздің ағзаңызда бұл микроэлемент жетіспеушілігі бар екені анық. Ал, егер йод торы бірнеше минут ішінде жоғалса, сізге шұғыл ем қабылдау керек болғаны.
Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңызды жағдайлардың бірі саналады. Оның маңыздылығы осы аурудың кең етек жаюымен анықталады.
Йод – жер бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына қажет маңызды микроэлемент. Қазақстанда йод жетіспеушілігі кең белең алған. Осыған байланысты йод жетіспеушілігінің медициналық-әлеуметтік және экономикалық маңызы денсаулық, интеллект, білім сапасына әсер етіп отыр, уақыт өте келе халықтың кәсіби әлеуетіне де әсер етеді. Денсаулығы қалыпты адам күніне 150 микрограмм йод тұтынуы қажет. Бұл қажеттілік өтелмесе, адам ағзасы түрлі ауруларға шалдығады. Йод жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуін тудырып, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
Адам ағзасындағы йод – ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын реттейтін және жақсартатын тиреоидты гормондар үшін құрылыс материалы.
Адам бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың жетіспеушілігі.
Йод жетiспеушiлiк ауруларына келесi алдын алу жұмыстарын жүргiзу қажет:
1. Йодпен байытылған азық-түлiктердiң көмегiмен йод жетiспеушiлiктi жою.
2. Йодты алудың ең бiр жақсы жолы: йодпен байытылған теңiздiң жәндiктерiн, теңiз балықтарын, теңiз балдырларын, теңiз өнiмдерiн тағамға жиi пайдалану болып табылады. Адам йодтың 90 пайызын тағамнан, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан, әркім күнделікті тағамның құрамына ерекше мән беру керек.
Осы орайда құрамында йод бар өнімдер тізімін ұсынамыз:
Майлы балық, балық майы, теңіз өнімдері, балдырлар Алма, жүзім, шие, қара өрік, сары өрік (йод бай топырақта өсірілген кезде ғана) Ірімшік, сүзбе, сүт Қызылша, салат, қызанақ, сәбіз (йодқа бай топырақта өсірілген кезде ғана) өсімдіктері,Пайдалы кеңестер
Егер тоңа беретін болсаңыз далаға шығарда аяққа йод торын жасап алыңыз. Күн қандай болса да бойыңыз жылы жүреді әрі суық тиюдің алдын аласыз. Ал мұрыннан су ағып, тамақ қарлыға бастаған кезде ұйықтар алдында өкшеге йод торын жасау керек. Ондайда ауру бойға дендемей, тез арада жазылып кетесіз.
Йод жетіспегенде ағза шаршап, есте сақтау нашарлап, жүйке жүйесі әлсірейді. Ағзаға йод жетіспеушілігін тудырмас үшін жылына бір рет тексеріп тұру керек. Кешкілік шынтақтың ішкі жағына йод пен 3 сызықша сызады. Оның біреуі қанық, екіншісі орташа, үшіншісін көмескілеу етіп жағады. Егер ертеңіне жұқа жағылған йод сызықшасы ғана жоқ болып кетсе, ағзадағы йод көлемі қалыпты дегенді білдіреді. Ал орташа жағылғаны да көрінбей немесе қанық түсі де көмескіленсе – йод жетіспегендігі. Ондайда тез арада йодтың орнын толтыруға кірісу керек. Бір апта бойы күнделікті дененің белгілі бір бөлігіне йод торын сызады. Алғашында оны оң аяқтағы өкшенің жоғарғы жағына, содан соң сол аяқтағы өкшенің жоғарғы жағына жасайды. Кейін оң алақанның жоғарғы жағына, келесі күні сол алақанның жоғарғы жағына ауысады.
Уақытында йодтық алдын алу өскелең ұрпақтың – біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, интеллектуалды әлеуетті қалпында ұстауға жағдай жасайды.