Жұмыста күні бойы компьютердің алдында отырғандықтан, кешке қарай көзіңіз талып, ауырады. Сондай кезде 1 ас қасық түймедақты алып, бір стақан қайнаған суға салыңыз. Кейін қайнатпанын салқындағанын тосып, тоңазытқышта қойыңыз. Кешке ұйықтар алдында мақтаны түймедақ тұндырмасына малып, көзіңізге қойып жатыңыз. Шамамен 15 минут тұрса жеткілікті. Бұл әдісті күн сайын қайталауды әдетке айналдырыңыз. Сонда көзіңіз әлсіреп ауруын қояды.