- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алматылық медицина ұйымдарына...
Алматылық медицина ұйымдарына 85 миллиард теңге төленді
Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 84,9 миллиард теңге төленді. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, аталған қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады.
Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры – 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуді қолға алады.
Алматы қаласында 177 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы – 116,8 млрд теңге.
Т. Есқали