Алматы қалалық жергілікті ауруханалардың жедел жәрдем тобы Литвада өткен «Халықаралық VI жедел медициналық жәрдем сайысынан» жеңіспен оралды, деп хабарлайды Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының пресс-қызметі.
Бұл сайысқа Қазақстаннан жедел жәрдем тобы алғаш рет қатысып тұрғанын ескерсек, бұл біз үшін мақтануға тұрарлық жеңіс. Жарыстағы қазақстандық қатысушылардың басты қарсыластары Латвия, Эстония және Литва болған. Сайыс Литваның Каунас қалсында ағымдағы жылдың 5 - 7 қыркүйегінде өткен.
Жарысқа әлемнің бес елінен 28 команда қатысқан. Ал Алматы қаласының өзінен екі команда бақ сынасқан. Сайыс жеті этаптан тұрды:
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: akimat-pvl.gov.kz