2015 жылдың 23 маусымында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жеке Қайырымдылық қоры Алматы қаласында аутизмі бар балаларға арналған алғашқы орталығын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Орталықтың ашылуы аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары бірлестігі – «Ашық Әлем» Қоғамдық Қоры серіктестігі болып табылатын, «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» қорының ауқымды бағдарламасын іске асырудың бастамасы болды. Қордың келесі Орталығы Астана қаласында ашылатын болады.
«Асыл Мирас» аутизмге шалдыққан балалар орталығында балалар мен олардың ата-аналары кәсіби мамандардан көпатқарымды көмек ала алады. Баланы жеке оңалту курсы 6 айға арналған, бұл кезеңде «Асыл Мирас» жаңа алматылық орталығы 90 балаға кешенді көмек көрсетеді.
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы аутизмді түзетудің екі әдістемесін енгізеді. Біріншісі – классикалық, бұл жағдайда баламен әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық, тілдік және күнделікті өмірдің дағдыларын пысықтайды. Сонымен бірге баламен 4 маман жұмыс істейді: психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагог. Жұмыстың екінші әдісі – бұл АВА терапия, бұл мінез-құқықтың тілдік және базалық дағдыларын бағалаудан тұрады, осылайша әрбір балаға жеке педагог қарастырылған. Барлығы 544 дағды бөлінген, олардың негізінде әрқайсысына жеке бағдарламалар құрайды. «Асыл Мирас» Орталығының әрбір маманы мінез-құлықтың қолданбалы талдануы, аутизм диагностикасы, сенсорлық ықпалдастық бойынша оқыту тренингтерін, сонымен бірге басқа да мамандандырылған курстардан өткен. Бағдарлама жоспарларында – жеке орталықтар үшін мамандарды оқыту, әрі қарай – Қазақстан бойынша мамандардың методологиялық және тәжірибелік білімдерімен алмасады.
«Біз аутистикаға шалдыққан балалардың әлеуметтенуі мен толыққанды өмір сүруіне көмектесеміз. Біздің қордың міндеті – оларды Қазақстанда әлемдік деңгейдегі оңалту бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Сондықтан да біз «Ашық Әлем» Қоғамдық қоры сияқты күшті серіктестермен, сондай-ақ оңалтудың жетекші әлемдік мамандарымен жұмыс істейміз. «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы жұмысының алғашқы үш жылында біз ең аз дегенде 1 000 отбасыға әлеуметтенуі мен оңалтуына көмектесеміз, ал Қазақстанда адамдардың 15% аутизм проблемасы туралы алғашқы мағлұматтарын алады», - деп түсінік берді «Асыл Мирас» Қорының директоры Марат Айтмағанбетов.
Осы жылдың қыркүйек айында екінші Аутизмге шалдыққан балалар орталығы Астана қаласында, ал 2016 жылы – Өскемен мен Қызылорда қалаларында ашылатын болады. Балалар орталықтарының ашылуы «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасының ресми бастауы болып табылады. Жыл сайын аутизмге шалдыққан 600 бала мен олардың отбасылары бағдарламаның қатысушылары болады. Ерте диагностика, кәсіби оңалту бағдарламалары мен әлеуметтік ықпалдасу енгізу Қазақстандағы ерекше балалардың өмір сүру сапасын жоғарлатуға бағытталады. Барлық орталықтар тегін қабылдайды.
«Орталықта қырық маманнан тұратын, Қазақстанның жетекші сарапшыларнан дәріс алған, аутизм мәселесі бойынша шетел мемлекеттерінің (Америка, Ресей) алдыңғы технологияларымен таныс, психологтар мен педагогтар командасы жұмыс істейді. Мамандардың жұмысы мінез-құлықтың қолданбалы талдануын пайдалану әдісіне негізделген, осының нәтижесінде балалар әлеуметтік ортаға тез бейімделеді» - деп атап өтті «Ашық Әлем» Қоғамдық қорының президенті Әлия Архарова.
Аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілінің көмегі ауадай қажет, мұндай баланың тек қоғамда ғана басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренуіне мүмкіндігі бар. Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жеке Қайырымдылық қорының «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы аутизмге шалдыққан адамдарға қарым-қатынаста қоғамдық пікірін өзгертуге көмек көрсетуге, мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалар енгізуге мүмкіндік туғызуға «аутистикалық спектрге ұшыраған» диагнозы қойылған балаларға және олардың отбасыларына Қазақстанда қоғамның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге шақырады.
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – аутизмге шалдыққан балалардың ерте диагностика, оңалту, инклюзивті білім беру және әлеуметтік ықпалдасу жолымен – диагноз алғаннан бастап қоғамдағы жеке өміріне дейін өмір сапасын арттыру.
Бағдарлама аутизмге шалдыққан және дамуында басқа да проблемалары бар балалар үшін Алматы, Астана, Қызылорда және Өскемен қалаларында балалар мен олардың ата-аналары кәсіби ақпарат, сапалы медициналық және психологиялық көмек, әлеуметтік бейімделуде және балалармен жұмыс істеуде кеңес ала алатын ресурстық орталық желілерін құруды жоспарлайды.
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге диагностика, скрининг, ерте кезеңде көмектесу, оңалту және әлеуметтік ықпалдасудың жаңа әдістемелерін әзірлеуде және пайдалануда көмектесуді жоспарлайды. Бұл үшін медициналық және әлеуметтік мекемелердің мамандары аутизмді түзету бойынша әлем мамандары мойындаған, біздің шетелдік серіктестеріміз дайындаған оқу кезеңінен өтеді.
Бағдарлама нәтижесінде:
1. Қазақстанда аутизмді түзету үшін ресурстық орталықтар желісі сәтті жұмыс істейтін болады;
2. Аутизмге шалдыққан балалар кәсіби оңалту мен әлеуметтік өмірге бейімделуде көмек алады;
3. Ата-аналар ақпарат, кеңес және психологиялық көмек алады;
4. Диагностикалау, яғни түзетуді даму кезеңінің ерте сатысында бастау мүмкіндігі туады;
5. Елімізде аутикалық спектр бұзылуы бар балалармен, үлкендермен жұмыс істейтін өзіміздің кәсіби мамандарымыз болады;
6. Аутизмге шалдыққан балаларды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар және аутизмге шалдыққан балаларды қосу үшін білім алу ортасының үлгісі әзірленіп, енгізіледі;
7. Халыққа аутизм туралы толығырақ мағлұмат беріледі, қоғамның аутизмге шалдыққан адамдарға деген пікірі өзгереді.