- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алматыда Pfizer вакцинасын...
Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде егу қашан басталады?
Алматылық дәрігерлерге қалада Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен коронавирусқа қарсы ақылы екпе қашан басталатыны сұралды. Сұраққа қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді.
Бұған дейін Алматыда Pfizer препаратын ақылы негізде алуға тіркелу басталғаны хабарланған болатын. Брифингте журналистер алматылықтар екпені ақылы түрде қашан ала алатыны сұралды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап бергендей, нақты күндер мен бағалар әлі белгіленбеген.
"Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінен барлық өңірлерге құжат жолданды, онда департамент ақылы негізде Pfizer вакцина егуді қалайтын қазақстандықтардың санын анықтауды сұраған. Алматыда осы уақытқа дейін 3279 адам өтініш білдірді. Алайда Pfizer вакцинасымен ақылы екпе қашан басталатыны және оның бағасы әзірге белгісіз", - деді Мырзағали.
Оның айтуынша, алдымен дәрігерлер Пфайзер вакцинасымен екпе алғысы келетін немесе қайта егілетін азаматтардың алдын ала санын анықтауы керек. Осыдан кейін ғана америкалық компаниямен келісімшарт жасалады.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда Pfizer вакцинасына ақылы екпеге тіркелу тек үш емханада жүргізіледі. Олар Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында орналасқан.
♦ Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141 мекенжайы бойынша № 5 емхана. Байланыс телефоны 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp);
♦ Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі, 14 мекенжайы бойынша № 7 емхана. Байланыс телефоны 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp);
♦ Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220 мекенжайы бойынша № 5 клиникалық аурухана. Байланыс телефоны 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp).
Естеріңізге сала кетейік, Алматыға Pfizer вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің 46 800 дозасы сатып алынған. Препарат қазір жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға, сондай-ақ 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге егіледі.
Т. Раушанұлы