- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әлеуметтік желілер жас...
Әлеуметтік желілер жас аналардың психикасына кері әсерін тигізеді
Сарапшылар әлеуметтік желілердің адамдардың психикасына кері әсерін тигізетіні туралы талай рет айтқан. Ғалымдар жақында тағы да зерттеу жүргізіп, оған жас аналарды да қатыстырды.
АҚШ-тың Огайо штатының мамандары дүниеге жаңа ғана бала әкелген әйелдердің әлеуметтік желілердегі 128 парақшасын тексерген. Жас аналардың 100 пайызы желіге нәрестелерінің фотосуреттерін салып, оларға түсініктемелер мен лүпілдерді күтетіні анықталды. Алайда, фото әйел күткендей бағаланбаса, бұл оның көңіл-күйіне кері әсерін тигізетін болып шықты. Осылайша, кейбір аналар «лүпілдер» мен түсініктемелерге тәуелді болып қалады екен.
Бұдан басқа, мамандар әлеуметтік желілерде көп уақытын өткізіп, өздерін бала тәрбиелеуде нағыз маман есептейтін аналар тобын бөліп өтті. Бұл үшін олар парақшалары мен тақырыптық топтарда сағаттап «отырып», бала тәрбиелеу бойынша сөз таластырады.
Жас аналардың желінің басқа пайдаланушылармен тым эмоционалдық қатынасы бала туудан кейінгі күйзелісті ауырлатып, психологиялық ауытқуларға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін,- деп санайды ғалымдар.
Дереккөз: inform.kz
О. Сансызбай