Әлем чемпионы Фараби Дәулетшин жаттығу бағдарламасын көрсетті (Видео)

Фараби Дәулетшин жайлы бұған дейін де мақала жаздық. Оның атақты айкидо шебері, алтыншы дан Габриель есімді сенсейден Францияда тәлім алғаны туралы білеміз. Ендігіде оның жаттығу бағдарламасымен таныс болайық.

Фараби Дәулетшин – кәсіби фитнес-бапкер, Hapkido бойынша әлем чемпионы, Taekwondo бойынша әлем чемпионы, кикбоксинг бойынша спорт шеберіне кандидат. Қазіргі таңда ол Hapkido спорты бойынша жасөспірімдер мен ересектерге арнайы сабақтар өткізумен айналысып жүр.

Оның дене шынықтыру бағдарламасы негізгі үш бөлікке бөлінген. Ол өзінің жаттығулары ішінде жатып салмақ көтеру, тұра тарту және аяқ бұлшық еттерін жаттықтыратын комплекске құралған. Бұл шеберлік сабағында жаттығуды жаңадан бастағандар мен бастағысы келіп жүргендерге толықтай базалық жаттығуларды көрсетіп береді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/sCCd_zdXtiU&feature","width":"450","height":"255"});

Өмірін спортқа арнаған қазақ жігітінің басқа да сабақтарын massaget.kz алдағы уақыттарда ұсынатын болады. Ал әлеуметтік желілерде оның күн сайынғы жаттығуларына шолу жасап көруіңізге әбден болады.

Оқи отырыңыз: 

Қазақтың самурайы жайлы не білесіз?

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: Фараби Дәулетшиннің жеке мұрағатынан