Қараусыз қалып кеткен немесе бейтаныстың ұсынған кесесі ой-санада күдік туғызуы мүмкін ғой. Аңдамай басқан бір қадам қалтаның тазалануына (ұрлық), не болмаса қала сыртында қарақан бастың жаңғыз қалуына себеп болуға жеткілікті.
Алаяқтардан опық жеген бір өнертапқыш (оның кесесіне "регипнол" аталатын тыйым салынған ұйқы дәрісін қосып жіберген) кештерге арналған бірқолданбалы стақандарды ойлап тауып отыр.
Қарапайым бірқолданбалы стақанға ұйқы дәрісі, есірткі немесе у қосылған жағдайда, аталға өнім қызғылт сары түске бөлене бастайды.
DrinkSavvy сайтып таратып отырған ақпаратқа сенсек, бірқолданбалы ақылды стақан 2014 жылы сатылымға шықпақ.
* * *
Терең ыдыстардың түбіндегі қалдықтарды жуа алмай, мазасызданған кездеріңіз болды ма? Ертеректе ыстық су құйсаңыз болғаны, түбіндегі қалдықтары тазаланып шыға келетін ақыл стақан (тек стақанның астына екі батарея салып) шыққан болатын.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/07ZkkUJVOlI","width":"450","height":"240"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: betabeat.com; kakprosto.ru