АҚШ-тың семіздік мәселесі бойынша алдыңғы қатардағы ғалымдарынан Калифорния университетінің профессоры Роберт Лустиг көп тамақ жейтін адамдарды ерік күшінің әлсіздігімен кінәлайтынын айтты. Оның пайымдауынша, семіздік түгелдей гармоналдық мәселе және көп мөлшерде шекер тұтынудан келіп шығады.
Лустиг семіздік проблемасында лептин гармонын кінәлайды. Бұл гармон тәбет термостаты ретінде қызмет атқарады. Лептин – денедегі 2 "аштық гармонының" бірі және тәбетті азайтады. (Ал оның серігі грелин тәбетті арттырады). Жеткілікті түрде тамақ желінген кезде май жасушалары лептин бөліп шығарады. Ал бұл тәбетті тоқтатып, мидың тамақ жеуді тоқтату нұсқауын беруіне жол ашады. Көптеген ғалым семіздік лептиннің аздығынан келіп шығады деп ойлайды. Ал негізінде зерттеулер семіздерде көп мөлшерде лептин бар екендігін көрсетеді. Профессор Лустиг бұл жағдайды "Лептин тежелуі" деп түсіндіреді. Арықтаудың ең маңызды жолы лептин тежелуін жою екенін мәлімдеген Лустиг, оны жүзеге асыру, яғни арықтау үшін мынадай кеңес береді:
1. Тәтті тағамды аптасына бір рет қана жеңдер.
2. Талшықты азықтар ас қорыту жүйесін жұмыс істету арқылы арықтатады.
3. Күніне 15 минут дене жаттығуын жасаңдар.
4. Тамақты әжелеріңнің жегеніндей жеңдер. Әжелерің білмейтін нәрсені жемеңдер. Түрегеп тұрып жеу тез жеуге жол ашады, тою сигналдарын алу үшін жеткілікті уақыт болмайды.
Сонымен қатар протеинді азықтар тұтынған жөн деген Лустиг ұн өнімдерінен, май, карбонгидрат және шекерден жасалған тағамдардан алшақ болу керектігін айтты.
Сурет: dietdoctor.com