Ақпанның дерттері

Ақпанның дерттері

Қыстың аяқталуына бірнеше күн қалса да, ақпан өзінің аяздарымен баршамызды таңқалдырып жүр. Көктемді аңсаған қыздар қауымы жеңіл киімдер киюге асығуда... Сонда да ақпанда теріге әсер ететін факторлар жайлы ұмытпағандарыңыз жөн. 

Желдің әсері

Жел әсерінен тері құрғап, беткі бөлігі жарылып, ауырып, мазаны қашырады. Бұл дертке шипа - зығыр, бадам, жүзім сүйектерінің майлары. Құрамындағы омега 3, 6, 9 қанықпаған майлар жиынтығы жараларды жаздырып, 24 сағат бойы жайсыздықтан сақтайды. Қолдануы жеңіл: терінің желденіп, құрғаған жерлеріне өсімдік майын  30 минут сайын жағып тұрыңыз. Көп жағдайда емнің 1 күні жеткілікті, 3 күнге де созса болады. Жара мен жырықтар тез жазылып,  теріңіз бұрыңғы кейіпіне оралар.

Күннің әсері

SPF кремдерін қолдануды ұмытпаңыз. Қарға шағылған ультракүлгін сәулелері терігіе екі есе зиян әкеле алады. Алайда, ұзаққа созылған таудағы серуен кезінде күннен теріңізге зиян тисе, теріңізге кәдімгі қантсыз йогуртты жағыңыз. Йогурт сіңе бастаған сәтте, тағы  бір қабат жағып қойыңыз. Осылай күні бойы жалғастырыңыз. Терінің алған зақымы сол уақытта кетеді! Егер күннің астында ұзақ боламын деп ойласаңыз, келесі кеңеске жүгініңіз. Күннің астына шықпас бұрын қабаттап келесі нәрселерді жағыңыз.

1-қабат: зығыр, жүзім сүйектерінің, не бадам майы;

2-қабат: SPF 30 көрсеткіші бар күннен сақтайтын крем;

3-қабат: вазелин;

Бұл - терінің тауда алатын күн күйіктерінен сақтанудың ең жақсы тәсілі.

Құрғақтық

Әрине, қыздар қауымы дәл осындай ақпанның ызғарлы күндерінде арнайы дымқылдандырғыш кремді қажет етеді. Дегенмен, мұндай әбігерлікпен сырттан ғана емес, іштен де күресу керек екендігін естен шығарып алмаңыз. Ағза толығымен сумен қамтамасызданғанда ғана крем жақсы әсер етеді. Ыстық душ немесе ванна теріні қатты құрғатып жіберетінін білгеніңіз жөн. Егер  ваннадан шыққанда, теріңіз  қызарған болса - судың тым ыстық болғаны. Ал жоғары температуралы душ адам ағзасын шамамен 4 стақан суға дейін сусыздандырып жібереді екен! Бұл дертке дауа - пилинг рәсімі. Ол қан айналымы мен терідегі зат алмасу процессін жоғарылатады, әрі теріні қоректік заттармен нәрлендіреді. Ең жеңіл скрабты қолданып көріңіз:

  • 1 шай қасық зығыр майы (жүзім сүйектерінің, не бадам майы);
  • сүйікті шайыңыздың 1 қалташасы (бергамотпен, не ақгүлмен);

Қалташадағы шай мен майды араластырып, теріңізге уқалап жағыңыз. Аптасына 2 рет қолдаңғаныңыз жөн.

Форумда талқылау.

Сурет cosmetic.ua сайтынан алынды

С. А