Жан тапсырған соң, 101 жастағы әжейдің туған-туысқандары жерлеу рәсіміне дайындала бастаған.
Ляньцзян уездінің Чжаньцзян қаласы, Гуандун провициясында адам таңғаларлық жағдай болды. Өлгеннен соң 16 сағат өткенде, 101 жастағы әжей қайта тіріліп кеткен. Бұл туралы Paranormal-news.ru агенттігі хабарлап отыр.
Пэн Сюхуа есімді әжей сүрініп құлаған соң, оған дәрігерлер жатып емделу керек деген кеңес айтқан. Оның 70 жастағы қызы дереу ем-дом жасауға келіп, қараушысы болады. Күндердің-күнінде әжейдің демалмай жатқаны белгілі болады. Жүрегі де соқпайды, денесі суып кеткен еді дейді туыстары. Жылап-сықтау басталған кезде оқиға орнына көрші-қолаңдар да жетеді. Жұртшылық болып тексерген сәтте де әжейдің о дүниелік болғаны белгілі болады.
Арада күн өтіп, жансыз денені қабірге салар кезде ғана Пэн көзін ашып, «Ей, келдіңдер ме?» деп күліп жіберіпті. Жерлеуге жиналған жұртшылық қорыққанынан далаға атып шыққан. 67 жастағы Лю Мэйцзюань есімді қызының айтуы бойынша, Пэн Сюхуаның жасы 101-де. Өмір бойы ол қарапайым, көңілді өмір сүрген. Өзінен 11 жас үлкен күйеуі 11 жыл бұрын қайтыс болғалы бері ол жалғыз ғұмыр кешіп келеді екен.
Пэн өз-өзіне қарай алатын жағдайда екен. Десек те, бұл оқиғадан кейін көршілер оған ылғи да тамақ жасап, үй шаруасына көмектесетінін айтып, уәде беріпті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: topnews.ru