- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ағзаңызға не жетіспейді?...
Ағзаңызға не жетіспейді?
Біздің ағзамыз өзіне не қажет екенін біледі. Аяқ астынан бір тағамның дәмін татқымыз келіп, көксейтін кездеріміз тегіннен тегін емес. Демек сол сәтте жегіміз келген нәрсенің құрамында бар дәрумендер ағзаға жетіспей жатыр. Белгілі жағдайларға байланысты жеуге болмайтын, тыйым салынған азықтарды жегіміз келсе, оның орнын басқа тағамдармен толықтыруға болады.
Шоколад жегіңіз келсе...
Ағзаға магний жетіспейді.
Ол жаңғақ, шемішке, жеміс-жидек, бұршақ қынды, бұршақ тұқымдастарда болады.
Ірімшік (сыр) жегіңіз келсе...
Ағзада кальций мен фосфор азайған.
Сол себептен орнын сүт, сүзбе (творог), брокколимен толтыру керек.
Нан жегіңіз келсе...
Ағза азот қажетсінеді.
Балық, ет, жаңғақ секілді ақуызға бай өнімдерді жеу керек.
Тәтті қаласаңыз...
Ағза глюкозаға зәру.
Ол тәтті көкөністер, жеміс-жидек және бал құрамында бар.
Майлы тағамдар жегіңіз келсе...
Ағза кальцийді керек етеді.
Ол үшін брокколи, сыр, сүт, бұршақ тұқымдас азықтар пайдалану керек.
Сүрленген тағам қаласаңыз...
Холестерин жетіспеушілігі.
Авокадо, жаңғақ, зәйтүн, қызыл балық жеу қажет.
Қышқыл қалап жатсаңыз...
С дәрумені тапшы.
Ол лимон, киви, құлпынай, мүкжидек (клюква), итмұрын құрамынан кездеседі.
Ал сіздің ағзаңыз нені жиі қалайды?
@. @assel_assanova