Ағзаңызды тазалайтын тағамдар

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі», - дейді дана халқымыз. Алайда бауырымыз бүтін, басымыз аман болу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануымыз қажет. Біз бүгін сіздерге ағзадағы зиянды қоқыстан қалай құтылу керектігін айтқымыз келіп отыр. Өйткені қазіргі кезде тұтынып жүрген тағамдардың құрамында зиянды зат көптеп кезедседі. Ал оның кесірінен ауруханаға түсуіңіз де әбден мүмкін. Сондықтан ағзаңызды артық заттан тазалайтын төмендегідей тағаммен таныс болыңыздар.

Қызыл қызылша

Бұл көкөністің құрамына жасұнық, бал, фосфор, С дәрумені және көптеген пайдалы қышқыл кіреді. Олар ас қорыту жолдарын жақсартып, ішектегі шіріткіш бактерияларды өлтіреді. Қызылша тек асқазаныңызды ғана тазалап қоймай, оны фолий қышқылы мен кремний тотығының көмегімен жасартады. Оны борщқа қосып немесе салат жасап, шырынсыққышқа салып сусын қылып ішсеңіз болады.

Шалқан тәрізді пияз

Жуаның басты компоненттерінің бірі эфир майында сақталатын фитонцидтер болып табылады. Олар бактериялар мен тері ауруларының алдын алады. Сонымен қатар жуа ас қорыту жолдарын жақсартып, тамаққа деген тәбетіңізді ашады. Оны әртүрлі салатқа қосып тұтыныңыз. Және одан бетіңізге маска жасап, безеулерден құтыла аласыз.

Сарымсақ

Сарымсақтың бір кішкентай бөлігінің өзінде тамырыңызды тазартып, холестирин мөлшерін азайтатын және ми қатерлі ісігіне қарсы күресетін 400-ден астам пайдалы элемент бар. Оған қоса сарымсақ асқазан жарасын жойып, ішек құрттарды өлтіреді. Дифтериялық және туберкулез таяқшаларын болдырмауға көмектеседі. Оны үгітілген күйінде тұтынғаныңыз дұрыс.

Ақбас қырыққабаты

Бұл қырыққабаттың құрамына кіретін тағам талшықтарының арқасында ағзадағы қоқыстардан оңай құтыласыз. Сонымен қатар қырыққабатта ас қорыту жолдары мен микрофлораны реттеуге әсер ететін органикалық қышқылдар бар. Ал сирек кездесетін U дәрумені асқазанның ойық жарасына қарсы күреседі. Оны балғын және ашыған түрінде тұтыныңыз.

Алма

Бұл жеміс түрі ағзадағы қоқысты шығаратын пектин мен жасұнықтың көмегімен барлық ас қорыту жолының жұмыстарын жақсартады. Алма тәбетіңізді ашып, іштің жүрмей қалуына жол бермейді. Оны көбіне қабығымен және үккіштен өткізіп жеңіз. Сосын алмадын компот жасап ішкен өте пайдалы.

Бұл тағамдар сіздің ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, зиянды заттарды сыртқа шығарады. Егер көңіл-күйіңіздің көтеріңкі, деніңіздің сау жүргенін қаласаңыз, бұл жемістер мен көкөністерді өзіңіздің ас мәзіріңізге қосып қойыңыз.