Ағзаның дабылына құлақ түріңіз

Ағзаның дабылына құлақ түріңіз
Фото: mrwallpaper.com

Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестер жүріп жатады. Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ.

Терінің құрғақтығы

Бұл ағзада Е дәрумені жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз.

Шаш пен тырнақтың сынғыштығы

Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар.

Қызылиектің қанауы

С дәруменінің жетіспеушілігін аңғартады. Ал ол пияз бен сарымсақтың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі.

Ұйқысыздық

Магний мен калийдің аздығы салдарынан болады. Бұл микроэлементтер сары өрік, қара өрік пен қызылшаның құрамында жеткілікті.

Аяқ-қолдың тартылуы

Бұл да калий мен магнийдің аздығынан болады. Жоғарыда айтқан өнімдерді көбірек тұтыныңыз.

Шынтақ терісінің тілімденуі

Бұл ағзада А және С дәрумендерінің жеткіліксіз екенін білдіреді. Ал олар барлық қызылсары түстес көкөністер мен жемістердің құрамында бар: сәбіз, асқабақ, қызанақ, сары өрік, т.б.

Тұздыға құмарту

Бұл ағзада қандай да бір инфекцияның пайда болғанынан немесе қуық-несеп жолдарының қабынуынан хабар береді.

Тәттіге құмарту

Бұл жүйке жүйесінің жұқарғанынан сыр береді. Демек ағзаға дереу глюкоза қажет. Мұндайда бал немесе шоколад көмек болмақ.

Тұщыға құмарту

Бұл гастрит немесе бауыр ауруларынан хабар береді. Тұщы тағам түйілуді және асқазанның ауруын басады.

Тамақ тұщы сияқты көрінсе

Бұл – күйзелістің белгісі.

Пістеге құмарту

Ағзада антиоксиданттардың жетіспеушілігін білдіреді.

Қышқылға құмарту

Өт қабы мен бауырдың жұмысын жақсарту үшін лимон мен мүкжидекті ас мәзіріне қосу керек.

Ащыға құмарту

Асқазан-ішек жолдарындағы жайсыздықтан хабардар етеді. Ағзаны тазарту керек.

Өткір ащыға (острый) құмарту

Ол ас қорытуды реттейді, бірақ өткір ащы тағамдарды аш құрсаққа жеуге болмайды және мөлшерден асырмау маңызды.

Теңіз өнімдеріне құмарту

Ағзада йод тапшылығын білдіреді.

Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова