Көптеген адамның тамақтану нормасы бұзылған. Таңертең тамақ ішпей, түскі асты кешіктіріп, кешкі асқа не болса соны жеп жүреді. Күні бойы дұрыс тамақтанбағандықтан, түн ортасында қарны ашып, ауыр тамақ жеп алады. Нәтижесінде асқазан «ұйқылы-ояу» күйінде тағамды дұрыс қорыта алмай, зиянды токсиндерге тола бастайды.
Жазда майлы кәуап, газды сусын, майонезбен тұздалған салаттар сынды ауыр тағамды молынан жейміз. Сол себепті қыркүйек пен қазан айларында ағзаны тазартқан жөн.
Ағза тазарған соң бет терісі жақсарып, тырнақ қатайып, шашыңыз жылтырай түседі.
Су
Күніне 8 стақан таза, артезианды су ішіңіз. Оған лимон шырынын қосуға болады. Лимонның құрамында артық салмақтан арылуға көмектесетін дәрумендер мол.
Алма
Алманың құрамында ас қорытуды жақсартатын қышқыл бар. Сонымен қатар ағзадағы қоқысты шығаруға көмектесетін пектин де мол.
Шомыр
Көп адам шомыр жеуді ұнатпайды. Негізінде, шомыр – өте пайдалы көкөністің бірі. Ол ас қорытуды жақсартып, бүйректегі ауыр металдарды шығаруға көмектеседі. Әрі тәбетті де басады.