Ағзаны тазартатын тағам түрлері

Ағзаны тазарту үшін уыстап дәрі ішу міндетті емес. Қолжетімді тағам түрлері ағзаңызды кез келген дәріден артық тазартады.

Ақбас қырыққабаты

Ақбас қырыққабатының құрамында ішектегі ауыр металл, токсиндерді шығаратын ас талшықтары мол. Сондай-ақ қырыққабат асқазан мен ішек микрофлорасына игі әсер ететін органикалық қышқылдарға бай. Құрамындағы U дәрумені жараларды емдеп, қауіпті заттектерді жояды.

Ашытқан қырыққабатты немесе шырынын ішіп, ағзаны тазартуыңызға болады.

Қызылша

Қызылшаның құрамында жасұнық, мыс, фосфор, С дәрумені және басқа да пайдалы қышқыл элементтер мол. Олар ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, ішектегі қауіпті бактерияларды шығарады. Сондай-ақ қызылшаның құрамында «бетаин» атты заттек бар. Ол бүйректі токсиндерден тазартады. Құрамындағы фоль қышқылы ағзаны жасартады, яғни тері, шаш пен тырнақ қалыпқа келеді.

Қызылшаны қайнатып, сорпа етіп ішуге болады, салат жасап жеуге де болады.

Сарымсақ

Сарымсақтың құрамында 400-ден астам пайдалы элемент бар. Олар қан тамырларын тазартып, құрамындағы холестерин деңгейін азайтып, ми ісігінің себебін жояды. Сарымсақ асқазан жараларын емдейді. Ішек құрт пен туберкулез таяқшасын өлтіреді.

Сарымсақты ұсақтап жеуіңізге болады.

Пияз

Пияздың құрамында фитонцидтер бар. Олар бірнеше секундтың ішінде көптеген бактерия мен жараларды емдейді. Ас қорыту жүйесін жақсартып, тәбетті қалыпқа келтіреді. Пияздың құрамында ағзадағы зиянды заттектерді жоятын күкірт молынан бар.

Алма

Алманың құрамындағы пектин мен жасұнық ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Алма тәбетті жақсартып, асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі. А тұмауының вирустарын жоюға көмектеседі.

Алманы қабығымен бірге жегеніңіз жөн.

Авокадо

Авокадоның құрамындағы глютатион бүйрекке зиян канцерогендерді жояды. Қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, ағзаға ауа өткізеді.

Мүкжидек

Мүкжидек – табиғи антибиотик. Тұмау сияқты вирусты аурулардың алдын алуға көмектеседі. Қуық қалбыршағын зиянды бактериялардан тазартады. Мүкжидек ісік жасушаларының қалыптасуымен күреседі.