Жағымсыз әсерлерден (мұрынның бітіп қалуы, тамақтың қышуы) арылудың, былайша айтқанда, өз ағзаңызды алдауға өзіндік бір тәсілдер бар. Кейде болмасын мұндай қиындықтар әр адамның басынан өтіп тұрады. Кішірігім болса да, көңілге тиіп кетері анық. Ендеше, олардан арылудың жолдары:
Қолдың ұйып қалуы
Шамалы күте тұрсаңыз, бәрі өз орнына келетінін бәрі де біледі. Шындығында, егер қол ұйып қалса, басты бірнеше рет айналдыра салу жеткілікті саналады. Көбіне қолдың ұюы мойын бұлшықеттері арқылы жүйке жүйесінің қысылып, тарылып қалуынан болады. Басты айналдырған соң, жүйке босап, ал қолға икемділік қайта орала бастамақ.
Тамақтың қышуы
Ал осы бір ұнамсыз әсерден арылу оп-оңай. Ол үшін құлақтағы бөбешікті уқаласаңыз, құлақ рецепторлары іске қосылатын көрінеді. Бұл тамақтың тарылуына алып барады, ал ол өз кезегінде тамақ қышуды аз уақытқа болса да жеңілдетеді.
Ине шаншудан қорқу
Көпшілік инеден қорқып жатады, бұл өз кезегінде көбіне жайсыздық алып келеді. Егер сіз инеден қатты қорықсаңыз, ине шаншу кезінде жай ғана жөтеліп көріңіз, сол заматта сіз еш ауырсынуды сезбейді екенсіз. Жөтелу кезінде кеуде жасушасы мен ми жұлын сұйығында іс-әрекет шиеленісе түсетін көрінеді. Сол арқылы ауырсынатын рецепторлардың сезімталдығы күрт төмендемек.
Егер сіз саусағыңызды күйдіріп алсаңыз
Мұндай сәтте күйген тұсқа сау саусақты басыңыз. Күлдіреуден сақтамақ. Әрине, мұз кесегі әлдеқайда тиімді әсер ететін шығар, бірақ сау саусақты қою арқылы күйген тұстың жазылуын жеңілдетесіз.
Мұрынның бітіп қалуы
Мұрын қуысы сіздің дем алуыңызға кедергі келтірмес үшін, тілмен таңдайды қаттырақ басыңыз, сосын қас тұсын уқалаңыз. Бұл мұрынның бітіп қалуын 20 секундқа арылтады.
Мұрыннан қан таму
Мұрыннан қан кетудің алдын алу үшін, ол үшін мақтаның бір түйірін қызыл иекке қойыңыз. Бұл мұрын қалқасына қарсы қысымды арттырып, қанның тамуын төмендетеді.
Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауыруы
Егер сіз жүгіру кезінде бір бүйіріңіздің ауырғанын сезінсеңіз, ол үшін салмақты сол аяққа тастай отырып, дем шығаруыңыз тиіс. Осы арқылы сіз бауыр етінің диафрагмаға қарсы қысымын төмендетесіз. Оң аяққа аяқ басып, дем шығару арқылы өзіңіздің бауырға қысым арттыратыңызды жадыңызда ұстауыңыз шарт.
Есіңізде болсын, өз денеңізді алдаудың әдіс-тәсілдері көп, тек сіз қиындық келтірген іс барысына ойлана қарасаңыз болғаны... Ағзаны алдаудың өзге де тәсілдерін білсеңіз, бөлісе отырыңыз?!
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: plus.google.com