Қысқа қарай адамдарда дәрумен жетіспеушілігі басталады. Кейде адамда жалпы дәрумен жетіспеушілігі болуы мүмкін. Бұл ағзаның дұрыс жұмыс істемейтінін көрсетеді.
Иммунолог Анна Шуляеваның айтуынша, ағзасына витамин жетіспейтін адамның түр-әлпетінен, дене-бітімінен білініп тұрады.
"Мұндай адамның түрі бозарып жүдеу көрінеді. Терісі кеберсіп, түлеп не түсіп жатуы мүмкін. Мұндай белгілер байқалса, мән беру керек" - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, шаш пен тырнақтың түсуі мен сынуы да дәрумен жетпейтінін білдіреді.
Ал ағзасында дәрумен аз адамның өте әлсіз, жүдеу, сылбыр бос келеді. Мұндай адамдарға таңертең тұру қиын, тәбеті төмен, енжар, аурушаң келеді.