Жо-жоқ, бұл мақала төсқұмар жігіттерге арналмаған. Мына кеңестер кеуделерінің тартымды болуын қалайтын аруларға арналады. Омырау денсаулығы туралы бұрын да жазғанбыз. Бұл жерде ұятты ештеңе жоқ. Әр қыз өзінің сұлу болғанын қалайды емес пе? Ал әдемі көкірек - әйелдің бірден-бір мақтанышы.
Кеудеңіздің пішіні сымбатты болуы үшін мына жаттығулар жиынын тұрақты түрде істеп жүріңіз:
1. Тұрған бойда, алға еңкейіп, қолыңызбен жүзгендей қимылдарды 3 минут бойы жасаңыз.
2. Алға қарай еңкейіп, оң қолыңызды сол аяғыңыздың ұшына жеткізіңіз. Керісінше қайталаңыз. Әр жаққа 15-20 реттен істеңіз.
3. Жоғары қарқынмен аяқ ұштарына көтеріле, қолыңызбен жоғары тартылып, ашық алақанмен аспаннан жұлдыз алғандай қимыл жасаңыз. "Жұлдызды" алған соң, қолыңызды жұдырыққа жинап, келесі қолмен қайталаңыз. 15-20 рет.
5. Тізеде аяқты кішкене бүгіп, тік тұрыңыз. Қолыңызды жоғары көтеріп, айқастырып ұстаңыз. Алақаныңызды жұдырыққа жинаңыз. Бір сәтте екі қолды екі жаққа ажыратыңыз. Бұл жаттығуды гантельмен орындаған дұрыс. 15-20 рет.
6. Алға еңкейіп, қолыңызды арттан қосыңыз. Қолдарыңызды ажыратпастан жоғары көтеруге тырысыңыз. Содан кейін түзу тұрып, қолыңызды сілкіп жіберіңіз. 15-20 рет.
7. Алға еңкейіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіз. Қолдарыңызды айқастырып, қайта орнына апарыңыз. Бұл жаттығуды гантельмен орындаған дұрыс. 15-20 рет.
8. Теннис шарын екі алақан арасында қысып, 10-ға дейін санаңыз. Қолыңызды босаңсытып, жаттығуды қайталаңыз. 20 рет.
9. Қолыңызбен білектеріңізді құшақтап алыңыз. Кеуде бұлшық еттерін қатты тартып, денеңізді қапсыра құшақтаңыз. Қайтып қолыңызды ажыратып жіберіңіз. 5-7 рет.
10. Малдас құрып отырыңыз, ішіңізді тартыңыз. Арқаңызды тік ұстап отырып, қолыңызға эспандер алып, екі шетке тартыңыз. Жаттығуды 5-7 рет қайталаңыз.
Суреттер: khudaya.ru, simpatyagka.ru.