Зерттеушілер заманауи адамға қажетсіз болып қалған бес органды атады. Олар: құйымшақ, соқырішек, ақыл тісі, құлақ бұлшықеттері мен үшінші қабақ.
Зерттеушілер заманауи адамға қажетсіз болып қалған бес органды атады. Олар: құйымшақ, соқырішек, ақыл тісі, құлақ бұлшықеттері мен үшінші қабақ.
Ғалымдар адамның бұл мүшелері ерте заманда күн көруі үшін қажет болған деп отыр. Ал қазіргі заманда бұл органдар мүлде қажет емес дейді.
Себебі ерте заманда адамдарға ақыл тісі талшықты өсімдіктерді шайнау үшін қажет болған. Соқырішек асты қорыту үшін жұмыс істеген. Құлақтың бұлшықеттері дыбыстарды анық есту үшін қажет болса, ал қазір құйымшақ барлық адамзаттың «құйрықты» өмірі туралы ғана еске салады. Көздің ішкі бұрышындағы қатпар үшінші қабақтың да қажеті жоқ деп санайды зерттеушілер.
Дерек көзі: BAQ.kz