Коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін, себебі онымен байланысты антиденелер тұрақсыз. Бұл - коронавирустан жазылып шыққандар оны қайтадан жұқтыруы мүмкін деген сөз. Мұндай шешімге қытайлық және америкалық ғалымдар келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар жүргізген зерттеу бойынша, инфекция енді пайда болған кезеңде Уханда науқастармен байланыста болған дәрігерлер антидене қалыптастырғанын не қалыптастырмағанын анықтаған.