Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін

Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін
Фото: La Neta Neta

Коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін, себебі онымен байланысты антиденелер тұрақсыз. Бұл - коронавирустан жазылып шыққандар оны қайтадан жұқтыруы мүмкін деген сөз. Мұндай шешімге қытайлық және америкалық ғалымдар келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар жүргізген зерттеу бойынша, инфекция енді пайда болған кезеңде Уханда науқастармен байланыста болған дәрігерлер антидене қалыптастырғанын не қалыптастырмағанын анықтаған. 

Олардың ішінде F

"Адамдарда ұзақ уақыт бойы коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болатынына кепілдік беретін антидене қалыптасуы екіталай", - делінген medRxiv.org порталында жарияланған мақаласында .

Ғалымдар зерттеу нәтижесіне сүйеніп, антиденені анықтауға тест тапсыру адам коронавирус жұқтырғанын анықтау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтады.

 
А. Рысдәулет