- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам неге бор...
Адам неге бор жегісі келеді?
Арамызда бор жегенді жақсы көретіндер де, бұл әдетті біртүрлі көретіндер де бар. Дәрігерлер адамның бор жегісі келуін оның денсаулық жағдайымен байланыстырады: кальций немесе темір жетіспеуі, қалқанша без ауруы. Бор жеудің зияны қандай?
Кейде сау адамдар да бор жегісі келе береді. Оның себебі әлі толықтай анықталмаған. Бор, кесек және топырақ жеудің ғылыми атауы геофагия деп аталады. Индонезиялық тайпаларда әлі күнге дейін танымал ампо — топырақтан дайындалатын тамақ түрі бар.
@massaget.kz #рек#ормуз#иран#топырақ#томши ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Өздерін боржегіштер деп атайтын адамдардың барын білдіңіз бе? Олар бірігіп, бор түрлерінің дәмдерін талқылайды және оларды камераға қарап жейді. Қытырлатып дауысын естітуге тырысады. Мұндай видеолар миллиондаған көрілім мен лайк жинайды. Бір жағынан, бұл ASMR-видеоға жатады. Алайда борды бұлай көп жеу денсаулыққа қауіпті.
Арнайы сауда орындарында тағамдық бор болады. Егер қатты бор жегіңіз келсе, осындай жеуге жарамды бор алған дұрыс. Әк немесе мектептегі борды жемеңіз. Бірақ аспаздық бордың өзін көп жеуге болмайды. Егер борды жиі жегіңіз келетінін байқасаңыз, дәрігерге қаралып, анализдер тапсыру керек.
Борды көп және жиі жеу мына проблемаларға әкелуі мүмкін:
- Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы (іш қату, қыжыл және т.б);
- Органдарға (өкпе, бауыр, бүйрек) кальцинаттардың түзілуі;
- Қант диабетінің дамуы;
- Қан тамырлар тесігінің тарылуы.
Әсіресе, жүкті әйелдер абай болу керек: бор жердің алдында дәрігермен кеңесіңіз.
А. Жапатова