- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам эмоциясын өзгертетін...
Адам эмоциясын өзгертетін иіс
Адам көңіл күйі тым құбылмалы. Оған әсер ететін сыртқы күш те көп. Бір иіс эмоцияңызды әп сәтте өзгертіп жіберуі мүмкін. Бір нәрсені иіскеп мұрныңызды тыжырайтып, түріңіз бұзылып кетсе, екінші иісті иіскегенде дереу жан сарайыңыз жадырап сала беретіні бар.
Ақгүл (Жасмин)
Ақжұпар жабығу сезімін жояды. Ақгүл хош иісі, біріншіден, зеректік сыйласа, екіншіден, іштегі ақымақ ойлармен күресуге көмектеседі.
Жалбыз
Жалбыз зеректікті байытуға көмектеседі. Оның иісі тыныс жолдарын тазартып, сергектік сыйлайды, миға белсенділік береді.
Ваниль
Ваниль адамды мейірімді, өмірді тәтті етеді. Адам бойындағы босаңдық пен жинақылықтың басын біріктіріп, аралық шекарада ұстайды.
Алма
Алма бас сақинасы ауруын жеңілдетеді. Басында ұстамалы сақина ауру бар адам алманың хош иісін сезінсе, жақсы көмектеседі. Оған қоса қобалжу сезімін де бәсеңдетуге жәрдемдеседі.
Даршын
Даршын ми жұмысын жақсартуға қабілетті. Бұл тамыр дәмдеуіші нағыз мықты қуатты жөтел дәрісі. Даршын иісі моторика, көру қабілеті, есте сақтау қабілеті және зеректікке жақсы әсер етеді.
Цитрус
Цитрусты өсімдіктер сергітеді. Мұны дүйсенбілік хош иіс деуге де болады. Оның иісі бірнеше метрден сезіліп тұрса да бірден ұйқыны шайдай ашады. Цитрус шабыт сыйлап, өнімді жұмыс істеуге жеткілікті дәрежеде қуаттандырады.
Лаванда
Лаванда тез ұйықтап кетуге септігі тиеді. Лаванда майын бір иіскегенде бірден ұйықтап кетесіз. Бұл студенттерге емтихан кезінде не басқа да сәттерде табиғи түрде ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі.
Қылқан жапырақ
Қылқан жапырақ иісі күйзеліспен күреседі. Жапон ғалымдары адамдардың екі тобын екі орманмен серуендеуге жіберген. Біріншісі – жай жапырақты орман, екіншісі – қылқан жапырақты орман. Бірінші орманнан келгендер мазасызданып, көңіл күйі түсіп келеді, ал екінші орманнан оралғандар демалып, шаттанып жетеді. Жапон зерттеушілері қандай қорытындыға келгені айтпаса да түсінікті.
Шалғын шөп
Балғын шөп иісі кез келген кісінің көңілін көтереді. Шаршаған адам таза ауада, балғын шөп арасында бір мезгіл серуендеп келсе, шаршағаны сап тиылып, жұмысқа құлшынысы артады.
@. @assel_assanova