- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам денесінен жаңа...
Адам денесінен жаңа ағза табылды
Сиднейдегі Гарван медициналық зерттеу институты (Garvan Institute of Medical) ғалымдары тышқан мен адамның иммундық жүйесінде жаңа микроағзаның бар екенін анықтады. Бұл соңғы онжылдықта медицина саласында ашылған ең маңызды жаңалықтардың бірі. Себебі осы арқылы ғалымдар болашақта тиімді вакциналарды дамыту жолдарын жасап шығады.
Лимфа түйіндерінде анықталған ағза "субтүтікшелік пролиферативтік ошақ" (SPF) деп аталады. Зертханалық тәжірибе кезінде бастапқыда жұмбақ ағза тышқандарда, содан кейін адамдарда бар екені анықталды. Зерттеушілер ағза бір ауруға шалдыққанда келесіде одан жақсы қорғану жолдарын жасап шығатынын айтады. "Иммундық жад" деп аталатын бұл ерекшелік естің В-жасушаларына топталады. Ғалымдар оның бар екенін бұрын да білген. Бірақ олардың қай жерде орналасқанын алғаш рет анықтап отыр.
SPF-тер қарсы шабуылдарды жоспарлау үшін биологиялық штаб ретінде жұмыс істейді. Жаңалық тышқанның иммундық жүйесі бұрын кездесетін инфекциялармен күресіп жатқанын зерттеу кезінде анықталды. Сидней ғалымдары бұл зерттеуді маңызды жаңалық дейді. "Ағзамыз инфекция жұқтырғанда вирустағы бактериялар саны әр 20-30 минут сайын екі есеге көбейіп отырады. Егер адамның иммундық жүйесі нашар болса, инфекцияны жоюға үлгере алмай қалады да, нәтижесінде қайтыс болады. Сондықтан вакциналар өте маңызды. Вакцинация иммундық жүйені дамытады, инфекция пайда болғанда тез антивирус тудыруы мүмкін. Осы уақытқа дейін біз оның қалай жүзеге асатынын білмеген едік", – дейді зерттеушілердің жетекшісі Фан.
Микроскоппен қарағанда SPF-тер байқалмайды. Олар ағзаға инфекция түскен кезде уақытша ғана пайда болады. Сондықтан зерттеушілер 3D иммундық жүйенің эквивалентін жасады. Соның арқасында иммундық ошақта иммундық жасушалар жинағының бар екенін анықтады. Ғалымдар оларды ағзаға енген инфекциялармен күресуге арналған "әмбебап дүкен" деп сипаттайды. "Бұл өте ғажайып. Біз олардың қалай қозғалатынын, барлық иммундық жасушалармен байланысып, көз алдында плазмалық жасушаларға айналуын көрдік", – дейді зерттеушілердің бірі Имоджен Моран.
"Енді біз дененің қалай жұмыс істейтінін білеміз, нәтижесінде вакцинация әдістерін жақсарта аламыз. Қазір вакциналар B-жады жасушаларын құруға бағытталған. Иммундық жад ошақтары адам жаралғалы болған құрылым, бірақ ешкім оны көрген емес, өйткені бұрын оны көретін құралдар болған жоқ", - дейді Фан.
Медицина мамандары 300 жылдан бері микроскоп арқылы дене тінін зерттегенімен, денеде әлі күнге дейін жұмбақ ағзалар бар екені таңғажайып құбылыс.
Т. Раушанұлы