- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам денесінде 100...
Адам денесінде 100 триллион жасушадан тұратын бактерия өмір сүреді
Сіз өзіңізді тәуелсіз тұлғамын деп есептесеңіз де, соңғы зерттеулер мұны жоққа шығарып отыр. Барлық адам – симбиотикалық ағза. Әрқайсымыздың ішімізде микробиотика өмір сүреді. Бұл ағза зат алмасуды реттейді, иммунитетте үлкен рөл атқарады, жоғары жүйке жүйесіне әсер етеді және ағзаға керекті 30% энергия өндіреді. Аталған жасушалардың саны 100 триллионға жетеді. Бұл дегеніңіз, адамдікінен 10 есе көп. Бактериялар ішек-қарын жолында, теріміздің барлық бөлігінде, ауызда және сілекейде болады. Адам мен микрофлора – бірі-біріне өте қажет, суперорганизмдер. Сондықтан денеңізде өмір сүретін тіршілік иесін күтіңіз!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай