Жаз мезгілінде паразиттер өзіне қолайлы ортада көбейіп, тамақтан улану мен жұқпалы ауруларға шалдығу өршіп тұрады. Ыстық күндері азық-түлік пен дайын тағамдарды сатып алғанда, өте абай болу керек. Көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, тез бұзылатын азық-түліктердің жарамдылық мерзімін қадағалау міндетті.
Ағзамызға қауіпті бактерияларды шыбындар көп әкеледі, сондықтан тағамдарды жабық жерде сақтау керек. Көптеген микроағзалар тіпті термиялық өңдеуден кейін де өлмейді.
Күн ыстықта тамақтан уланып қалмас үшін жоғары температурада сүт және ет өнімдері екі есе тез бұзылатынын есте сақтаған жөн. Егер сіз азық-түлік сатып алып, көліктің артқы жағына сала салып, тағы базар аралап кетсеңіз, өнімдер үйге келгенше бұзылып кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сонымен қатар, жартылай фабрикаттар мен дайын тағамдар тоңазытқышқа жақын тұрмауы керек.
Жеке тазалықты да ұмытпаған жөн. Міндетті түрде қолды сабынмен жуып, ал көкөністер мен жемістерді ағып тұрған суда мұқият тазалап жуу керек.
Жаз мезгілінде сальмонеллез инфекциясы көптеп таралады. Ауру түрлі формада жүреді – бұл өнімнің сипатына, мөлшеріне және адамның иммунитетіне байланысты.
Сальмонеллездің басты белгісі – асқазан-ішек құрылысының бұзылуы: іш ауруы, диарея, қалтырау, жүрек айну, құсу, сусыздану. Сальмонеллезбен ауырғанда, міндетті түрде дәрігерге қаралып, дұрыс ем қабылдау қажет.
Сурет: cheberry.com
Дайындаған: Анар Мұстафина