Wi-Fi сіздің денсаулығыңызға зиян!

Даниялық ғалымдар Wi-Fi-дың адамға зиянын дәлелдеу үшін зерттеу жүргізген екен.

Бірнеше ғылыми эксперименттің нәтижесі бойынша Wi-Fi мидың қан жолдарын тарылттырады, ал ол өз алдына бас ауруына апарады.

Эксперимент жүргізу үшін мектеп оқушыларын таңдаған. Олардың әрқайсысы ұйықтар алдында Wi-Fi қосулы смартфонын жастығының астына қойып жатты. Таңертең оларды дәрігерлер қарады. Нәтижесі бойынша көбінде мидың қан жолдары тартылған және бас ауруы пайда болған.


Сондықтан ұйықтар алдында ұялы телефоныңыздың интернетін өшіріп немесе мүлде алысқа қойып жатқаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: content.ru