- Негізгі бет
- Денсаулық
- Wi-Fi-дан бас ауруы...
Wi-Fi-дан бас ауруы мүмкін
Ғалымдар адамзатқа пайда әкеліп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. Назарда интернетпен сымсыз байланыс Wi-Fi желісі.
Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсаулығына әсерін зерттеді. Соңғы жылдары нағыз техникалық жаңалық болып табылатын Wi-Fi-технологиясы өкінішке орай адам ағзасына жаман әсер ете алуы мүмкін болып шықты. Wi-Fi мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеледі екен. Ал ол өз кезегінде бас ауруын шақырады.
Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Таңмен ғалымдар балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шашыраңқылықты байқаған.
Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісі барлар өзінің бөлме өсімдіктері жайлы ойлануы керек. Өткізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелдеді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастады.
Ал сіздің үйде Wi-Fi бар ма?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: doctormanual.kz
С. А