- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Sputnik V" мен...
"Sputnik V" мен "QazVac" үнді штамынан қорғай ала ма?
Қазір коронавирустың үнді штамы тарауда. Қазақстанға да келіп жетті. Ғалымдардың айтуынша, дельта штамның жұғуы коронавирустың басқа мутацияларына қарағанда әлдеқайда жоғары. Нақтырақ айтсақ, 60%-ға тез жұғады.
Қазақстандық профессор, иммунолог, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарманның айтуынша, дельта штамның тағы бір ерекшелігі – жастар мен балаларға көп жұғуында.
COVID-19 қазір "жасарып барады". Бірақ қаншалық зиянды екені түсініксіз. Дельта штамның ересек адамдарға жұғуына келсек, көбінесе екпе алмаған жандардың көп шалдығып жатқаны байқалады. Вакцина коронавирустың дельта штамы мен басқа да штамдарынан қорғанудың әзірше ең тиімді жолы болып отыр. Адамзаттың коронавирустан емделудің ойлап тапқан бір-ақ жолы бар. Ол – вакцина. Коронавирусты емдейтін басқа дәрі жоқ, - дейді Алмаз Шарман.
Ал вакцинаның қай түрі дельта мутациядан қорғай алады дегенге келсек, профессор AstraZeneca, Pfizer, Sputnik V вакциналарының мүмкіндігі жоғары екенін айтады.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеудің арқасында AstraZeneca вакцинасының екі дозасы да дельта-штамнан қорғай алатыны белгілі болды. Вакцинаның бірінші дозасы дельта штамнан көп қорғай алмайды. Ал қос дозасын алғандардың иммунитеті тұрақты. Айтпақтай, "Спутник V" вакцинасының да дельта штамға қарсы күш-қуаты жетеді, - дейді Алмаз Шарман.
Профессордың айтуынша, өкінішке қарай, Sinovac пен Sinopharm сынды қытай вакцинасы дельта-штамнан қорғай алмайды. Бұған Моңғолия мен Сейшель аралы, Қытайдың Гуанчжоу провинциясында үнді штамына шалдығушылардың көбейіп кеткені дәлел болады.
Қытайдың аталмыш вакцинасы Қазақстанда CoronaVac және Hyat-Vac деген брендпен келген. Олар да дельта штамға әлсіз. Қазақстандық QazVac вакцинасы да инактивациялық вакцинаға жататындықтан, бұл штамға қауқарсыз. Бірақ бұл вакциналар дельта штамның жұғуына қарсы тұра алмаса да, ауыр жағдайдан, қайғылы оқиғадан қорғауы басымырақ. Яғни, бұл екпені алғандар реанимация мен ИВЛ аппаратына түсуден сақтайды, - дейді дәрігер.
Профессордың айтуынша, вакцина алудағы тиімді жолдардың бірі – бұл екпені араластырып егу. Мәселен, Қазақстан вакцинасын алғандар екінші дозасына басқа екпені алуына болады. Ал екі дозасын алғандар микс ретінде басқа бір вакцинаны алып иммунитетін күшейтсе болады.
Қ. Слямбек