Американың ірі фармацевтикалық компаниясы коронавирустың Омикрон штамына қарсы осы көктемде 100 миллион вакцина өндіріп шығармақ. Бұл жайлы Pfizer компаниясының өзі хабарлады.
Омикрон-вакцинаның сынақ жұмыстары осы айдың аяғында басталмақ. Ал жаппай өндіріске наурыз айында беріледі.
Вакцинаның қай елге бағытталатыны әлі белгісіз. Егер Еуропаға жіберілсе, онда мұндай көлем ол елдерге жетпесі анық. Әрі көктемге дейін коронавирустың бұл штамының таралу қаупі де біршама азаймақ. Оған Оңтүстік Африка Республикасындағы жағдай дәлел. Бұл елде ауру-сырқау саны 1-2 айдың ішінде төмендеп, қазір жағдай тұрақтала бастады.