Apple, Google, Facebook және Mail.ru Group корпорацияларының өкілдері медицина саласындағы жаңа премияның құрылғандығын айтты.
IT-индустрияның қайраткерлері: Apple-дан Арт Левинсон, Google-дан Сергей Брин, Facebook-тан Марк Цукерберг және Mail.ru Group-тың бір бөлігнің иесі Юрий Мильнер медицина саласында маңызды жаңалық ашқандар үшін қомақты сыйақы тағайындап отыр.
Идея авторларының айтуынша, жылына бес премия беріледі. Сыйақылардың әрқайсысы 3 миллион долларды құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін ашылған Breakthrough Prize in Life Sciences Foundation қорының директорлығына Apple корпорациясының директорлар кеңесін басқарып жатқан Левиносон тағайындалды.
Қазіргі кезде сыйақы алатын 11 ғалымның аты белгілі. Болашақта бұл азаматтар қор аясындағы болашақ лауреаттарды таңдауға арналған комиссияның құрамына алынады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sibnovosti.ru