D дәрумені – медицинадағы ең қызба тақырыптардың бірі. 2007 жылы қарапайым D дәруменін қосымша қабылдайтын адамдар оны қабылдамағандарға қарағанда 7%-ға сирегірек өледі деген зерттеу нәтижесі жарық көрді. Бір жылдан соң басқа көлемді зерттеу бойынша, D дәрумені деңгейі төмен әйелдерде D дәрумені қалыпты әйелдерге қарағанда сүт безі ісігі дамып, өліп кету қаупі жоғарырақ екен.
D дәрумені не үшін қажет?
D дәрумені денеге кальцийді жұтып, сүйектердің өсуіне ықпал етуге керек. Егер D дәрумені жетіспесе, балаларда сүйектердің жұмсаруына, ал ересектерде сүйектердің қисаюына әкеледі. Қазіргі кезде D дәруменінің жетіспеушілігін сүт безі, тоқ ішек, қуықалды без ісігімен, жүрек ауруларымен, депрессиямен және артық салмақпен байланыстырады. D дәруменінің дәлелденген артықшылығына оның кальциймен біріккен сүйектерді бекітетін рөлі жатады.
D дәрумені жетпегенде:
- көңіл-күйдің тез бұзылуы;
- тез шаршау;
- иммунитеттің әлсіреуі, маусымдық ауруға бейім болуы;
- тері жарасының асықпай жазылуы;
- шаштың түсуі;
- тырнақтың жұмсақтығы;
- бұлшықеттің, буынның ауыруы.
D дәрумені қандай өнімдерде бар?
D дәрумені санаулы азық-түліктерде ғана болады. D дәруменінің үш керемет тағамдық көзі:
- Арқан балық (лосось);
- Скумбрия;
- Саңырауқұлақтар.